Просмотров: 243
Seifullin University Агротехнопаркінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен «Ғылым және бизнес: Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі ынтымақтастық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында ғылыми қоғамдастық, агробизнес өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударылып, ғылыми әзірлемелерді өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Дөңгелек үстел басына жиналғандар ҚАТЗУ-дың ғылыми жетістіктерімен, Seifullin University Агротехнопаркінің қызметімен, сондай-ақ өнім сапасы мен қауіпсіздігі зертханасының жұмысымен танысты.
Жиында ҚАТЗУ Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор, ҚР ҰҒА академигі Сарсенбай Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі. Ол қолданбалы ғылымды дамыту, ғылыми технологияларды коммерцияландыру және Seifullin University Агротехнопаркінің әлеуетін тиімді пайдалану агробизнес пен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.
Іс-шара барысында «А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің селекциялық жетістіктері, Агротехнопарк базасында ғылым мен бизнестің ынтымақтастық мүмкіндіктері, Seifullin University ғалымдарының АӨК саласына енгізуге арналған ғылыми әзірлемелері, сондай-ақ оларды коммерцияландыру перспективалары таныстырылды.
Сонымен қатар қатысушыларға Агротехнопарктің ғылыми орталықтары мен зертханаларының қызметі ұсынылды. Олардың қатарында органикалық агротехнологиялар инжинирингтік орталығы, агроэкологиялық сынақ орталығы, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы, Қазақстан-Чехия аквамәдениет орталығы және агротехниканы цифрландыру орталығы бар.
Іс-шара соңында ашық пікірталас өтіп, қатысушылар агроөнеркәсіп саласындағы ғылым, білім және бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.