Просмотров: 445
2025 жылғы 12 желтоқсанда Seifullin University делегациясы Басқарма Төрағасы – Ректор, ҰҒА академигі Қ.М. Тіреуовтың жетекшілігімен Дубай қаласында орналасқан Murdoch University-ге ресми сапар жасады.
Murdoch University — Австралияның жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. Университет QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингінде 423-орында, ал Австралия университеттері арасында 26-орында тұр. Сондай-ақ, Times Higher Education Young University Rankings 2023 рейтингі бойынша әлемдегі жас университеттердің ТОП-100 қатарына еніп, 84-орынға ие болды.
Бұл кездесу 2025 жылғы қараша айында Murdoch University делегациясының Seifullin University-ге жасаған ресми сапарына жауап ретінде ұйымдастырылды. Аталған сапарды Дубай кампусының атқарушы директоры және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) аймағы бойынша стратегиялық серіктестіктер жөніндегі директоры, доктор Мохамед Баматрафа басқарған болатын. Екі университет басшыларының кезекті кездесуі өзара ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды әрі нәтижелі кезең болды.
Келіссөздер барысында тараптар бірлескен бастамаларды дамытуға дайын екендіктерін растады. Атап айтқанда, менеджмент, жасанды интеллект, агробизнес, азық-түлік қауіпсіздігі және өнімдерді өңдеу технологиялары бағыттары бойынша қосдипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын (MBA, DBA) ашу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен саласында ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аграрлық білім беру, ғылым және инновацияларды дамытуға бірлесе үлес қосатын стратегиялық серіктестер ретіндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы да атап өтті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.