Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университеті Ү-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына өз үлесін қосуда
Сейфуллин университеті Ү-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына өз үлесін қосуда

Просмотров: 567

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мамандарының Ү-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қолдау көрсетті.

2024 ж. бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-14 қыркүйегі аралығында өткізілуде. Бұл додаға көшпелі халықтардың 21 дәстүрлі ойын түрі бойынша 89 елден 2500 спортшылар қатысып жатыр.

Осы ойындардың ветеринариялық қызметін атқару үшін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасы қызметкерлері (вет. ғылымдарының кандидаттары, кафедра меңгерушісі Кемешов Ж.Ө., доцент Доманов Д.И., вет.ғылымдарының магистрлері Цхе И.В., Забродин А.Г.) белсенді атсалысып жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – әлемнің номад халықтары қауымдастықтарында ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей мәдени мұра мен дәстүрлерді сақтау мақсатында спорт түрлерін насихаттау және дамыту үшін жүргізілетін халықаралық іс-шара. Бұл ойындар 2014 ж. Қырғызстанның бастамасымен өткізіліп келеді және екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Ойындарғы аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, көкпар және басқа көптеген жарыс түрлері бойынша әр түрлі елдердің өкілдері қатысады. Сонымен қатар, іс-шара көшпелі халықтардың музыкасы, биі, қолөнері мен әдет-ғұрыптарын қамтитын әртүрлі мәдени бағдарламалармен ұштастырылады.

Көшпенділер ойындарының көбісі жылқылардың қатысуымен өтетін болғандықтан, жарыстардың дұрыс және ретті ұйымдастырылуында жануарлардың ден-саулығы мен жағдайларын ветеринариялық бақылау маңызды рөл атқарады. Мал дәрігерлері жарыс алдында спорт сәйгүліктердің физиологиялық және клиникалық жағдайын жан-жақты тексерістен өткізеді. Бұл ойынға қатысатын жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіптің жоқтығына кепілдік береді. Жарыс кезінде жарақаттар пайда болған жағдайда дәрігерлер жануарларға қажетті медициналық көмек көрсетеді. Ойын кезінде жануарларды гуманды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау ветеринариялық қызметтің тағы да маңызды міндеті екені сөзсіз. Бұл жұмыс жарысқа түсетін малдың қауіпсіздігін қамтумен қатар ойындардағы жалпы әділеттік пен спорттық этиканы сақтау негіздерінің бірі болып саналады.