Просмотров: 1058
Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ бас корпусында Астана қаласы студенттері мен оқушылары арасында «Елім деп соғар жүрегім...» атты қалалық жас суретшілер байқауы өтті
Байқаудың басты мақсаты – жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға кәсіби бағдар бере отырып, олардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық көзқарастарын көркемөнер мәдениеті арқылы қалыптастыруға атсалысып, жас суретшілердің қабілеттері мен шығармашылық қиял-дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру.
Ұйымдастырушы тарап – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ байқаудың Әділ Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын тағайындады. Оған елімізге белгілі қылқалам шеберлері кірді. Байқауға Астана қаласының ЖОО-ның студенттері мен Жалпы орта және кәсіптік білім беру мекемелерінің 100-ге тарта білім алушылары қатысты.
Байқаудың беташары көрмеден басталды. Көрмеге Қазылар алқасының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Татарстан Республикасының Халық суретшісі, «Парасат» орденінің иегері, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық пластикалық өнер қауымдастығының мүшесі, В.К.Муллашевтің еңбектері қойылды. К.Муллашев Оның бұл жұмыстарында суретшінің автопортретінен бастап, Қазақстандағы алғаш ғарышқа ұшқан сәттен бастап, тың игеру, өнеркәсіпті өркендету мен қазақ халқының мейірім шуғы сәтті бейнеленген.
Байқаудың ашылуында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов сөз сөйледі. Онда Университет басшысы:
«Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Астана қалалық жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып отыр. Биылғы жас суретшілер байқауының тақырыбын «Елім деп соғар жүрегім...» деп алып отырмыз.
Бұл мәдени шараға қаламыздың университеттері мен колледждерінің студенттері және мектеп оқушылары қатысуда.
Өнер – халық тарихының шежіресі. Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Ұлттың тарихын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін бейнелі әрі көрнекті тілде түсіндіре алатын тек сурет өнері ғана. Шығармашылыққа жаны құмар жастар барда сурет өнері өзінің маңыздылығын еш уақытта жоймасы анық.
«Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді» - деген әйгілі суретші Пабло Пикассо.
Сурет өнері – қашан да ойды дамытып қана қоймай, сұлулыққа үндейтін бірден-бір өнер түрі. Шыдамдылықты талап етіп, бар уақытын бір кескінге арнап, қағаз бетіне телміріп отыру тек суретшілерге ғана тән қасиет.
Бүгінгі байқауға қатысушы жас суретшілерімізге шығармашылық сәттілік тілей отырып, «Елім деп соғар жүрегім...» байқауын ашық деп жариялаймын»,- деді.
Байқаудың ашылуында сөз сөйлеген қылқалам шеберлері, «Елім деп соғар жүрегім...» атты қалалық жас суретшілер байқауының Қазылар алқасының мүшелері Астана қаласы суретшілер Одағының төрағасы, «Мәдениет саласының үздігі» - Өмірәлі Исмайлов, Мәдениет қайраткері, профессор , Өнер академиясының академигі, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, Өнер Академиясының Вице-президенті, академик, ҚР суретшілер Одағының мүшесі - Мәжит Байтенов, доцент, п.ғк., ҚР суретшілер одағының мүшесі, Ұлттық дизайнерлер Академиясының академигі Дүйсембай Сыдыгалиев, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы дизайнерлерінің мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» иегері Алтыншаш Алпысбаева мен ЖРБСД факультетінің оқытушысы, п.ғ.к Бекмұрат Жұмашұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауда қазылар алқасы байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау барысында - тақырыптың тереңдігі мен мағынасын беру, идеяны жүзеге асырудың креативті тәсілі, күрделілік дәрежесі, көркем шеберлік негіздерін меңгеруі, ой ерекшелігі, көркемдік мәнерлілік мәселелері басты назарға алынды.
Сонымен, байқауды қорытындысы бойынша: 1 орынды Тұрар Жансая, ІІ орынды Қожабергенова Аружан мен Батталов Рахат, ІІІ орынды Бояринова Виктория мен Сәрсен Ақерке бөлісті.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.