Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетінің студенті әлемдік үздік фотограф атанды
Сейфуллин университетінің студенті әлемдік үздік фотограф атанды

Просмотров: 1408

          Бір жылдан сәл астам уақыт бұрын, наурыз айында Астанада Сейфуллин университетінің студенті Данил Акрамов өзінің Poco x3 Pro смартфонымен Атырау көпірінің кездейсоқ суретін түсіріп алған.

Суретті Instagram әлеуметтік желісінде жариялағаннан кейін, сурет жергілікті және халықаралық фотографтардың назарына іліккен.

Данилдың бұл фотосы ерекше болып шыққанын ол кейін түсінген. Көп ойланбастан, Данил бұл суретті беделді #35awards байқауына, «мобильді фотосурет» номинациясына ұсынған, бір жылдан кейін нәтиже шыққан.

Жыл сайынғы 8 халықаралық @35awards фотосыйлығына қатысқаны үшін сертификатты Данил бүгін ғана алып, өз жетістігімен бөлісуді жөн көрді.

Фото өз номинациясы бойынша әлемдік ТОП 50 фотосурет қатарына еніп, ерекшеленген. Байқауға барлығы 45 341 фотосурет қатысқан.

Сондай-ақ Данил «мобильді фотосурет» номинациясы бойынша үздік ТОП 100 фотографы қатарына енген.

Қазақстанның ТОП 50 фотографының қатарына енген Данил Акрамов,

Астананың ТОП 10 фотографы деген атқа лайық болды.

«Мүмкін бұл ең жақсы нәтиже емес шығар, бірақ мен үшін бұл маңызды жетістіктердің бірі болды», - деп Данил өз жетістігімен бөлісті.

Данил Өзбекстанның Учкудук қаласында дүниеге келген. Ол 16 жасында фотосуретпен айналыса бастады.

20 жастағы жас талант бүгінде Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде "Есеп және аудит" мамандығы бойынша білім алып, өзінің хоббиін оқумен ұштастыра білуде.

Жас талантымызға шығармашылық жетістіктер тілейміз!