Просмотров: 669
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті басшылығы мен Оңтүстік Синьцзян Тарим университетінің делегациясымен іскерлік кездесуі өтті. Шетелдік делегацияны Тарим университетінің партия комитеті хатшысының орынбасары Юй Чжунь бастап келді. Делегация құрамында Оңтүстік Синьцзян Технологиялар трансферті орталығының директоры, профессор Гау Шань, Тарим университетінің экономика және менеджмент факультетінің профессоры Юй Сяулин, зоотехника және технологиялар факультетінің профессоры Гмингули Мухатай, бау-бақша және орман шаруашылығы факультетінің профессоры Чжан Цзюань, экономика және менеджмент факультетінің профессоры Ван Чуньйэн бар.
«Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне қош келдіңіздер!
Бүгінгі кездесу 2023 жылдың қараша айының 17-сі мен 18-і аралығында Тарым университетінде өткен бірінші кездесуіміздің жалғасы және екі университет арасындағы ынтымақтастықты жалғастрырудың айқын дәлелі болып отыр.
Тарым университетінің ректоры – Партия хатшысы Жаң Айпинь ханыммен және университеттеріңіздің профессор-оқытушы құрамымен және қызметкелерімен 2023 жылдағы кездесу барысында көрсеткен сый-құрметтеріңізге алғыс айта отырып, бірлескен жұмыстарымызды қарқынды түрде дамытуға ат салысып отырғанымызды айтпақпын.
Біздің ынтымақтастығымыз екі ел арасындағы ғылым мен білімнің одан әрі дамуына ықпал ететін жаңа бірлескен жобаларды әзірлеудегі тағы бір қадам болып табылады.
Сіздерге университетіміз жайында қысқаша шолу жасауға рұқсат етіңіздер», - дей келе С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.Тіреуов – өзінің бастауын 1957 жылдан алатын С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ шолу жасады.
«Қазіргі уақытта университетте Америка Құрама Штаттарынан бастап, Оңтүстік-Шығыс елдеріне дейінгі әлемнің 35 елімен қол қойылып, жүзеге асырылып отырған 180 келісімдер мен меморандумдары негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып отыр.
Сонымен қатар, біз қос дипломды бағдарламаларды белсенді түрде дамытып жатырмыз.
Тарым университетімен және Қытайдың жетекші университеттерімен ынтымақтастық әрқашан біздің қызметіміздің маңызды бағыты болды және болып саналады. Біз бұл ынтымақтастықта тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар академиялық ұтқырлықты, оқытушылар мен студенттердің кәсіби құзыреттілігін, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды арттыру перспективасын көреміз.
2023 жылы 25 желтоқсанында Қытай Халық Республикасының Білім беру Вице-министрі Сунь Яо мырзамен және Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің әріптестерімен өткен кездесуде бірлескен Орталықтың ашылуы туралы мәселе талқыланып, оны құру туралы келісімге келген болатынбыз.
2024 жылы 24 мамырында Қытай Халық Республикасының Ғылым және Технология Вице-министрі Чен Чиачанг мырза университетімізде болып, ветеринария саласы Қытайдың ғылым академиясы Харбин ветеринария ғылым институтымен бірлескен ынтымақтастық аясында құрылған Қытай-Қазақстан лабораториясының жұмысына шолу жасалды. Осы жұмыстардың әрі қарай дамыу жолдары талқыланып, ынтымақтасты жалғастыру жөнінде келісімге келдік.
2024 жылдың 3 шілдесі Астана қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының отырысында екі ел Президенттерінің кездесуі барысында Қазақстан-Қытай аграрлық ғылым мен білім орталығын бірлесіп құру туралы келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстанның 3 университеті Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы технологиялары университеті арасындағы бірлескен оқу және ғылым салаларындағы іс-шараларды әрі қарай дамытуға негізделген.
2023 жылдың 17 мамырында Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университеттерінің ректорлары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды және екі университет магистратура деңгейінде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» қосдипломдық білім беру бағдарламасын іске асырып, қазіргі уақытта 4 магистрант қос диплом жобасының аясында білім алуда.
Тарим университетімен ынтымақтастық біздің алдымызда жаңа көкжиектер ашатынына әрі мұның екі тарап үшін де маңызды екеніне сенім білдіремін», - деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.Тіреуов.
Шын мәнінде ҚХР бірнеше ЖОО мен ғылыми орталықтары мен Сейфуллин университеті арасында әріптестік қарым-қатынас даму үстінде.
Қос тараптың шағын делегациямен кездесу аясында ғылыми жұмыс бағыттары, бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Басқосуда Тарим университетінің партия комитеті хатшысының орынбасары Юй Чжунь бұл байланысқа қатысты өз ойын ортаға салды.
«Ең алдымен Астана әуежайына келгенде өз үйіме келгендей сезіндім. Сізердің Сейфуллин университетіне келгеніме қуаныштымын. Біздің екі ел арасындағы ынтымақтастық пен іскерлік байланыстардың арқасында достық қарым-қатынастарымыздың дами беретініні сенім білдіремін.
Алдымен Сізге, Қанат Маратұлы біздің Тарым университетінің ректоры – Партия хатшысы Жаң Айпинь ханымның ыстық сәлемін жолдағым келеді. Бұл сапарымыз сол 2023 жылғы кездесуде қол жетке келісімдерді жүзеге асыруды көздеуден туындады. Негізгі мақсатымыз – екі ел басшыларының арасындағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша халықаралық жоба мен екі университет арасындағы байланысқа өз үлесімізді қосу», - дей келе, жиынға жиналғандардың назарына Тарим университеті жайлы презентация ұсынды.
Бұдан соң, Сейфуллин университетінің қызметіне қатысты, ҚазАТЗУ ғылыми жетістіктері жайлы, ҚХР ЖОО байланыстары мен ғылыми жетістіктері туралы, ҚХР ынтымақтастық пен ғылыми жетістіктері туралы, техникалық факультеттің ғылыми жетістіктері мен ҚХР ынтымақтастығы туралы презентация жасалды.
«Тарим университетімен ынтымақтастығымыз ортақ мақсаттарымызға жету жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдімін», - деді, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.Тіреуов университетіміз туралы презентациядан соң. «Бұл өз кезегінде Сейфуллин университетінің инновацияға және білім берудің жоғары сапасына деген ұмтылысын көрсетеді. Сонымен қатар, Тарим университетімен ынтымақтастықтың басталуы аграрлық ғылым мен технологияның дамуына ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мұрындық болады деген үміттенеміз», - деді Қанат Маратұлы.
Кездесуге С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты Р.Ж.Әбішева, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі, операциялық мәселелер жөніндегі проректор С.К.Омаров, факультет декандары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Жылы жүзді кездесуден соң, меймандар университеттің зертханалары мен ГИС – орталығын аралады.
Қазір Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының 40-тан аса университетінің арасында тығыз байланыс бар. Оған қоса, көрші мемлекеттердің экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасы жылдан жылға нығайып, екі елдің ынтымақтастығы, білім-ғылым саласындағы байланысы артып келеді. Мұны Қазақстан мен Қытай арасындағы студенттердің өзара алмасуынан да байқауға болады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.