Просмотров: 585
Бүгін Шэньси провинциясын дамыту және реформалау жөніндегі комиссиясының (ҚХР) делегациясы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне келді.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті басшылығы мен Шэньси провинциясын дамыту және реформалау жөніндегі комиссиясының (ҚХР) делегациясымен іскерлік кездесу өткізді. Шетелдік делегацияны Шэньси провинциясын дамыту және реформалау жөніндегі комиссиясы директорының орынбасары Ян У минь бастап келді. Делегация құрамында Өңірлік ашықтық және сыртқы ынтымақтастық бөлімінің директоры Бай Синь, Ауыл экономикасы бөлімінің директоры Сунь Юэсинь, инфраструктураны дамыту бөлімінен Чжан Фэнцин, сауда және қызмет көрсету бөлімінің директоры Ван Сяогуан, бюро директоры Ма ли бар.
«Елордамыз – Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне қош келдіңіздер! Шэньси провинциясын дамыту және реформалау жөніндегі комиссиясының (ҚХР) делегациясын қабылдау біз үшін ғылыми, мәдени ынтымақтастықтың негізі», - деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Басқарма мүшесі, операциялық мәселелер бойынша проректоры С.К.Омаров.
Шэньси провинциясын дамыту және реформалау жөніндегі комиссиясы директорының орынбасары Ян У минь жылы жүзді қарсы алуға алғысын білдіріп, Шэньси провинциясының ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын, орта және ұзақ мерзімді жоспарлау мен жылдық жоспарды әзірлеу оны жүзеге асыруды ұйымдастыру, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік дамуды үйлестіру мәселелері бойынша шағын ақпарат берді.
Шетелдік делегацияға дәлме-дәл егіншілік және 3D бейнелеу зертханасы - CLAAS фирмасының мысалымен телематикалық жүйелер көрсетіліп, робототехника және мехатроника зертханасы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ғылыми-эксперименттік платформа, АӨК цифрландыру саласындағы технологиялық құзыреттер орталығымен / Kazakh-Chinese Big Data Analysis Center/ таныстырылды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.