Басты бет / Жаңалықтар / «Сұлулық пен әсемдік» фестивалі
«Сұлулық пен әсемдік» фестивалі

Просмотров: 356

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институтының «Дене тәрбиесі» кафедрасының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 16 сәуірде Наурыз мейрамына арналған институт қыздары арасында дәстүрлі «Сұлулық пен әсемдік» фестивалі өтті.

Аэробика фестивалінің негізгі мақсат-міндеттері — салауатты өмір салтын насихаттау, студент қыздарды дене шынықтырумен және тұрақты дене жаттығуларымен жаппай айналысуға тарту, олардың сымбаттылық, нәзіктік, қимыл үйлесімділігі мен музыка ырғағына сай қозғалу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бос уақытты тиімді пайдалануға баулу.

«Сұлулық пен әсемдік» фестивалі — би, гимнастика, акробатика және хореография элементтері үйлесім тапқан күштің, шабыт пен сұлулықтың мерекесі. Аталған фестивальге қатысу командалық рухты, қарым-қатынас дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерді дамытып, дене дайындығын жетілдіруге ықпал етеді.

Іс-шара жарқын да әсерлі өтіп, достық пен көтеріңкі көңіл күй атмосферасында ұйымдастырылды. Қатысушылардың жалпы саны 987 студентті құрады.

Аэробика бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын — УЗРАиД, 1 курс, 29-топ (12 адам);

2-орын — Энерго, 2 курс (44 адам);

3-орынды екі команда бөлісті — Жер ресурстары және сәулет институты, 1 курс, 31-топ (20 адам) және Жануарлар ғылымы және ветеринария институты, 2 курс, 12-топ (13 адам).

Биылғы фестивальдің ерекшелігі — оған ұлдар мен Түрікменстан Республикасынан келген шетелдік студенттердің де қатысуы болды.