Басты бет / Жаңалықтар / «Шәмшінің әндері-ай» атты  қалалық ән байқауын  ұйымдастырды
«Шәмшінің әндері-ай» атты  қалалық ән байқауын  ұйымдастырды

Просмотров: 1366

Жуырда Шәмші Қалдаяқовтың әндерін кеңінен насихаттау мақсатында, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Шәмшінің әндері-ай» атты  қалалық ән байқауын  ұйымдастырылды.

Байқауға Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

1-орынды  ҚазҰӨУ  3-курс студенті Қадырбек Елнұр  (“Бақыт құшағында”) иеленді;

2-орынды  Астана медицина университетінің студенті  Режепова Феруза («Өмір өзен») иеленді;

3-орынды ҚазҰӨУ 1-курс студенті Ерасыл Худайберген (“Құшақ жайған қандай адам”) және С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ -дың 2 -курс студенті

Садуақасова Айнұр («Бақыт құшағында»)  иеленді;

 Шәмші Қалдаяқов атындағы арнайы жүлдесі ҚазҰӨУ 2-курс  студенті  Даулеткан Айгеримге  («Ақ ерке ақ жайық»)  және  С.Сейфуллин атындағы арнайы жүлдесі  Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінің студенті  Исеналиева Данаға («Сүймегендер сағынбайды») табысталды.

Және де қонақ ретінде «Қанаттылар» инклюзивті театрының ерекше әртістері  Ш.Қалдаяқовтың  «Сен сұлу» әнін  ым-ишара тілінде орындады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Басқарма төрағасы-Ректор Қ.М.Тіреуовтың атынан барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.