Басты бет / Жаңалықтар / Биоәртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастық
Биоәртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастық

Просмотров: 1135

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агрономия факультеті мен   Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеттерінің студенттеріне «Биологиялық әртүрлілікті сақтау: құстар» тақырыбында ашық дәріс оқылды.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) мамандары Руслан Уразалиев пен Вера Воронова студенттерге құстарды мысалға келтіре отырып, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау туралы жан-жақты айтып берді. 

Дәріс барысында - құстарды зерттеу, оларға төнетін қауіптер және табиғатты қорғау тәсілдері туралы ақпараттар берілді.  Лекторлар қанаттылардың электр желілеріне түсіп мерт болуы, ауыл шаруашылығы саласының тым қатты өзгеруі салдарынан оларға тиер теріс әсері, қалалық фаунаның салдарынан дала торғайының қалаларда ұялау мен қоректенуге қажетті жерлерден айырылуы жайлы сөз қозғады. Бұл дәрістер студенттердің кең ойлауы мен биоалуанүрлілікті сақтаудың тәжірибесі төңірегіндегі сауалдарына жауап беріп, өзге тіршілік иелерінің өмірімен жақын танысуға мімкіндік туғызды. Бұл ретте жастардың табиғатты қорғауға бағытталған  жобалар аясындағы іс-шараларға қосылуына да мүмкіндік жасалып отыр.

Дәріс Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясымен Шеврон компаниясы серіктесе   жүгізетін   «Students for Nature» жобасы аясында ұйымдастырылып отырғандығын айта кету қажет.

Дәрістер оқылып  болғаннан кейін, аса қызығушылық танытқан студенттерді зерттеуді жүргізу жолдары жайлы теориялық тренингтерге шақыру жоспарлануда. Одан бөлек студенттерге бақылау мен анықтау әдістерін үйрететін арнайы орнитологиялық экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.

Осы жылы аталған жоба негізінде ауқымында іс-шаралар Алматы, Астана, Орал және Атырау қалаларында орналасқан жеті бірдей жоғары оқу орындарында өтеді деп жоспарлануда.

Анықтамалық ақпарат:

«Шеврон» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. «Шеврон» мұнай мен табиғи газды өндіреді, көліктік жанар-жағармайн және химиялық мұнай өнімдерін шығарады, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

«Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі (АСБК) 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық үкіметтік емес ұйым. АСБК Ұйымның қызметі жайлы  www.acbk.kz  сайтынан таныса аласыздар.

Жоба үйлестірушісі контактілері:

Еңлік Қайырсынова

Электрондық пошта: yenlik.kaiyrsynova@acbk.kz   

Teл. +7 (7172) 91 00 44

Ұялы тел. +77029307007

Бейбітшілік көшесі 18, 406 кеңсе, Астана қ., 010000, Казақстан

www.acbk.kz

https://www.instagram.com/acbk.kz