Басты бет / Жаңалықтар / Спорт кешенінің ашылуында
Спорт кешенінің ашылуында

Просмотров: 956

2024 жылдың 23 қарашасында спорт клубы мен мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің  ұйымдастыруымен «Сарыарқа» спорт кешенінің ашылуы өтті. Спорт кешенінің ашылуына орай университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Барлығы 8 команда қатысты.

Салауатты өмір салтын ұстанатын әріптестерді қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, жарысқа  ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы – Ректор Қ.М. Тіреуов, Студенттер  ісі жөніндегі проректор Құсайынова Ж.А., факультет декандары қатысты.

Жолдастық кездесудің қорытындысы бойынша жүлделер келесідей бөлінді:

1 орын – техникалық факультеті;

2 орын – KЖжКББ;

3 орын – Агрономия факультеті.