Басты бет / Жаңалықтар / Студенттік жастар театрларының фестивалі басталды
Студенттік жастар театрларының фестивалі басталды

Просмотров: 943

C. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен бүгін Республикалық студенттік театрлар фестивалі ашылу салтанаты өтті. Екі күнге созылатын байқауға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен «Шаңырақ» театры, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен «Шабыт» театры,   Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінен «Жауқазын» театры, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінен «Шың» студенттік театры,  Қазақтың спорт және туризм академиясынан  «Руханият» театры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен «Urker» театры, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінен «Шаттық» театры, Шәкәрім атындағы университетінен «Қарагөз» студенттік театры қатысуда.

Екі күнге созылатын фестивальдің әділ бағасын беріп, жеңімпазды анықтайтын қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және Башқұртстан Республикасының халықтар достығы   ордендерінің иегері,  Күләш Байсейтова атындағы ұлттық өнер университетінің доценті Дүйсен Нұркенұлы Мұсабеков.