Просмотров: 2059
2025-2026 оқу жылы алдында университетпен таныстыру мақсатында 25, 26 тамыз күндері Агротехникалық, Ветеринария және малшаруашылығы технологиясы, Компьютерлік жүйе және кәсіптік оқыту, Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеттерінің студенттік өмірге алғаш қадам басып отырған білім алушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев, академиялық сұрақтар жөніндегі департамент өкілдері, факультеттер декандары және басқада құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері қатысып, өздерінің бағыттары бойынша түсініктемелер берді.
Кездесу барысында Қ.А. Токушев университеттің комплаенс қызметі туралы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында адалдық, жауапкершілік, әділдік, тәртіп, мақсат қоя білу, орта таңдай білу, белсенділік туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық идеологиясын ұстану туралы жан-жақты түсіндірді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.