Басты бет / Жаңалықтар / «Таза Қазақстан» акциясы  жалғасуда
«Таза Қазақстан» акциясы  жалғасуда

Просмотров: 1688

2024-2025 оқу жылынан  бастап  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында  ұйымдастырылған  апта сайынғы сенбіліктер, аудиториядағы тазалық жұмыстары  жалғасын табуда. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Әр жұма сайын болатын «Тазалық күніне»  университеттің факультет декандары, декан орынбасарлары,  оқытушы-қызметкерлер, студенттер, магистранттар, докторанттар және әр департамент қызметкерлері белсене атсалысуда. Жалпы 23 сенбілік, тазалық жұмыстары  ұйымдастырылып,   19 000  білім алушылар мен қызметкерлер жұмылдырылды.

          Халықаралық, республикалық, қалалық сайыстар, турнирлерге көрермен,жанкүйер,қолдаушы  болып барған біздің студенттеріміз іс-шараның сонынан отырған орындарын жинап,тазалап кетуді әдетке айналдырған. Міне,осындай игі істерімен   әрбір азамат  өз жерінде,өз ортасында экологиялық жағдайды жақсартуға үлесін қоса алады.