Просмотров: 1306
Бүгін университетіміздің техникалық факультетінде Әз-Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Мереке аясында қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері кеңінен көрсетілді. Солардың бірі – "Қазан шегелеу" салт-дәстүрінің көрінісі, бұл дәстүрдің көркем әрі тәрбиелік маңызы жоғары болды. Сонымен қатар, асық ату, ләңгі тебу, қол күресі мен арқан тартысу сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, студенттер белсенді қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Мереке аясындағы іс-шараның халықаралық деңгейде өткенін ерекше атап өткен жөн. Әз-Наурызды атап өтуге Қытай Халық Республикасынан «Синьцзян Саньвэй Интеллектуалдық ауылшаруашылық технологиялары» ЖШС, «Хунань басқару жүйелерін өндіру компаниясы» ЖШС, «Laiyang Chengfeng food Co» ЖШС өкілдері мен Қырғызстан Республикасының К. И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің өкілдері мен студенттері қатысты. Бұл шара түрлі мәдениеттер мен елдердің арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосып, қатысушылар үшін естен кетпес әсер қалдырды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.