Просмотров: 1182
«Біріңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС завод аумағында алғаш рет Техникалық факультетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы бойынша көшпелі дипломдық жұмыс қорғау іс шарасы өтті.
Өткен аптада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Техникалық факультетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының қатысуымен алғашқы көшпелі форматта А.Сейілбек, Т.Серік, А.Орынбек, Е.Пішенбаев, А.Аблаев және Д.Бүркітбай «6В07105 - Механикалық инженерия» оқу бағдарламасының бакалавр академиялық курсын бітіріп, дипломдық жобаларын қорғады.
Аталған өндірісте 2024-2025 оқу жылы 4 курс 31студент тәжірибемен қатар дуалдық оқу түрі бойынша білім алып келді.
Бүгінгі диплом қорғаған студенттердің ішінде Сейілбек Әлкей, Орынбек Арафат және Серік Тоқтар осы мекемеде «Бақылау көрсеткіш пломба дайындау» цехында жұмыстарын жалғастыруда.
МАК комиссия төрағасы – PhD докторы, «ЭКЗ сервис» ЖШС сапа жәніндегі директоры Е.Б.Иманбаев, комиссия мүшелері: «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі Усербаев М.Т., А.Б.Бөбеев, Ш.К.Байшугулова, С.И. Мендалиева, А.Е. Ержанова және осы өндірістің даму жөніндегі директоры А.К.Шарипов студенттердің жоба тақырыптарының өзекті, әрі бір біріне ұқсамайтын әр саланың технологиялық жабдықтары бойынша рәсімделген жобалары өте жоғарғы дәрежеде орындалғанын және білімалушылардың инженерлік қабылеттілігін атап өтті.
Сонымен бірге комиссия төрағасы заводта жұмыс жасап жүрген түлектер мен 4 курс студенттерімен сұхбаттасып, өндірістен қол үзбей дипломдық жоба жасаудың болашақ маман үшін Университет тарапынан жасалып жатқан айтулы көмекке көз жеткізгенін айтты.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.