Просмотров: 851
5 қарашада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бірінші курс студенттері арасында дәстүрлі "Жаңа толқын-2025" салааралық шығармашылық фестивалі өтті.
Фестиваль "Үздік жүргізушілер", "Ұлттық би", "Көркем сөз", "Вокал", "Заманауи би" және "Бейнеролик" секілді алты номинация бойынша өтті.
"Жаңа толқын-2025" ерекшелігі - байқауға тек бірінші курс студенттері қатыса алады. Биылғы жылы жарысқа "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы", "Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн", "Бизнес және цифрлық технологиялар", "Энергетика", "Инжиниринг және азық-түлік технологиялары" және "Жануарлар туралы ғылымдар және ветеринария" институттарының жас таланттары қатысты.
Байқауға қатысушыларға ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі-Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Жазира Жазықбаева (қазылар алқасының төрағасы), ҚазАТЗУ мәдени-бұқаралық жұмыс департаментінің директоры Бақыт Тәжинов, "Қазақ инклюзивті" театрының директоры Марина Ешімова және театр актері Ерасыл Нұртай баға берді.
"Жаңа толқын-2025" студент жастардың шығармашылық фестивалінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші орынды "Бизнес және цифрлық технологиялар" институтының студенттері иеленді. Екінші орын "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы" институтының студенттеріне берілді. Үшінші орынды "Энергетика" институтының білім алушылары алды.
Фестиваль қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!
Айта кетейік, ҚазАТЗУ-да студенттердің мәдени дамуына барлық жағдай жасалған. Шығармашылық ұжымдар, театрлар, ансамбльдер жұмыс істейді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.