Просмотров: 343
2026 жылғы 17 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Ғылым қызметкерлері күні аясында Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында қазақ тілі пәні бойынша «ШАҢЫРАҚ» қалалық лингвистикалық турнирі өтті. Турнирге қаладағы 8 жоғары оқу орны қатысты.
Байқау барысында қатысушылар қазақ тілінде шапшаң ойлау, сауатты әрі нақты жауап беру, тіл байлығын орынды қолдану және шешендік қабілеттерімен ерекшеленді.
Қалалық турнирде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінен Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институты қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушылары А.М. Мауленова, Т.Қ. Бәлкен, А.М. Алдажарова жетекшілік еткен студенттер қатысып, III орынға ие болды. Атап айтқанда, «Жерге орналастыру» мамандығының 04-075-25-03 тобының 1 курс студенттері Қонарбай Асыланбек пен Қансейт Гүлім, сондай-ақ «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығының 06-068-25-32 тобының 1 курс студенттері Жанатқызы Аделина мен Баймуханова Надежда жүлдегер атанды.
Турнир жеңімпаздары мен олардың жетекшілері дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушыларға кітаптар табысталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.