Басты бет / Жаңалықтар / Университеттегі ұйым/ клубтардың төраға/ төрайымдары  сайланды
Университеттегі ұйым/ клубтардың төраға/ төрайымдары  сайланды

Просмотров: 1383

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бекітілген кесте бойынша 2024 жылдың 13-17 қыркүйегінде университеттің студенттік ұйым және клуб мүшелерінінің  төраға/төрайымдарының есеп беру - сайлауы өткізілді.

Шығармашылық клубтар- университеттегі студенттердің белсенділік көрсеткіші. Жастар саясатының нәтижелі жүруіне клубтар мен студенттік ұйымдардың қосар үлесі орасан. Клубтар қауымдастығы жастардың қызығушылығына қарай ашылған сан-түрлі ұйымдардың дамуына зор ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Студенттердің актерлік шеберліктерін, би өнері, ұлттық аспаптарда ойнау, вокал және КТК ойындарында көрсетуге мүмкіндік жасалған.

Студенттер клубтарда өз қабілеттерін шыңдап, жақын достар тауып та жатады. Оқу жылы басталып, 1 курсқа қабылданған студенттеріміз  университеттің ішкі өмірімен танысуда. KazATZU тек ғылыми көрсеткіште ғана емес, студенттік белсенділік тұрғысынан да жоғары екенін айқындай алады. Жоғарыда аталған ұйымдар мен клубтар өздерінің өткен жылғы есептерін беріп, жаңа оқу жылындағы төраға/төрайымдарын сайлады.

Сайлау нәтижесінде әр ұйым/клубтар өздерінің жаңа басшыларын сайлады. Атап айтқанда:

  • Студенттік парламент ұйымының төрайымы,  агрономия факультетінің студентінің 4 курс студенті – Құрбанғали Аружан;
  • Студенттік Сенат төрағасы, КжжКББ факультетінің 4 курс студенті – Рахымбай Диас;
  • Студенттік Мәжіліс төрайымы, техникалық факультетінің 2 курс студенті – Адилбекова Нұргүл;
  • «Көмек еріктілер» ұйымы, ЖРБСжД факультетінің 2 курс студенті - Орманби Биназар;
  • «Парасат» студенттік кәсіподақ ұйымы, ОШ ЖТ ж ҚО факультетінің 2 курс студенті – Мубараков Елнұр;
  • «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы, энергетикалық факультетінің 2 курс студенті – Какимова Жансая;
  • «ҚазАТЗУ студенттерінің Альянсы» ұйымы, Студенттік Омбудсмен, ЖРБСжД факультетінің 4 курс студенті – Казбеков Сакен;
  • «ҚазАТЗУ ұландары» ұйымы - ВжМШТ факультетінің 2 курс студенті –Каналбек Даниал;
  • «Sanaly Urpaq» ұйымы, КжжКББ факультетінің 3 курс студенті - Музапарша Жаннұр;
  • «Алтын белгі» иегерлері кауымдастығы, ЖРБСжД факультетінің 2 курс студенті - Умарова Ұлжан;
  • «Ақжелкен» студенттік театры, техникалық факультетінің 4 курс студенті  – Садуакасов Еламан;
  • «Шаттық» би ансамблі, техникалық факультетінің 1 курс студенті – Иманжанова Зарина;
  • «Шабыт» ұлт-аспаптар оркестрі, ОШ ЖТ ж ҚО факультетінің 3 курс студенті – Әмірхан Елдар;
  • «Сейфуллин құрамасы» командасы , энергетикалық фаультетінің 4 курс студенті – Сапарғали Диас;
  • «Вокал» үйірмесі, ЖРБС ж Д факультетінің 3 курс студенті студенті – Хойтан Ақбота;
  • «Шырақ» интеллектуалды пікір-сайыс клубы, ВжМШТ факультетінің 3 курс студенті – Кенжағали Диас;
  • «DC MANGILIK» пікір-сайыс клубы, ЖРБС ж Д факультетінің 3 курс студенті – Қосар Аяулым;
  • «KazATZU Media» клубы, ВжМШТ факультетінің 3 курс  студенті - Каналбай Әдема;
  • «SU youtube channel», техникалық факультетінің 2 курс студенті- Жеңіс Шырайлым;
  • «Шебер қолөнершілер» клубы, ОШ ЖТ ж ҚО факультетінің 2 курс студенті -  Ендібаева Әдемі;
  • «Сымбат» кыздар клубы, ВжМШТ факультетінің 3 курс студенті - Нурдыбекова Аружан;
  • «Arrow crew» клубы, экономикалык факультетінің студенті - Ибраева Алия;
  • «Имидж ұлдар», агрономиялык факультетінің 2 курс студенті Нұрали Мақсат;
  • «Имидж кыздар», ВжМШТ факультетінің 3 курс студенті -  Акылкосарова Алтын;
  • ⁠”Unity” клубы, агрономиялык факультетінің 2 курс студенті - Кәдірбай Қарқара;
  • “Green growth” клубы, энергетикалык факультетінің 4 курс студенті -  Тұрсын Ұлан;
  • «Cyber KazATZU» клубы, ВжМШТ факультетінің 3 курс студенті - Қалмұрат Серік;
  • «Positive» психологиялық клубы, ВжМШТ факультетінің 2 курс студенті – Мархабатова Аруназ.