Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТУ оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады
ҚАТУ оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады

Просмотров: 1634

ҚАТУ-де «Жоғары оқу орнының оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолданудың заманауи тенденциялары» тақырыбында вебинарлар циклі өтті. Семинарға 400-ден астам адам қатысты, оның ішінде ҚАТУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы мен Қазақстанның әр өңірінен келген басқа да оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Ғалымдар мен  сала жетекшілері  сабақтарында интерактивті әдістер мен дағдыларды қолдану тәжірибесімен бөлісе отырып,  жоғары оқу орындарының нақты және виртуалды білім кеңістігінде инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін қарастырды.

Вебинарда күтілген негізгі  нәтиже жоғары білім беру жүйесінде заманауи білім беру мен  оқыту технологияларын қолданудың озық тәжірибесін тарату болды.

Ұйымдастырушылар – Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету – жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану саласындағы өзекті мәселелер бойынша вебинарлар циклдерін өткізу дәстүріне енгізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Вебинар циклінің соңында барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды.