Просмотров: 1072
Қадірлі студенттер мен әріптестер!
Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атаулы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні – жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!
Ежелден барша түркі жұртына және Шығыс халқына ортақ, бесмыңжылдық тарихы бар Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, молшылық пен тоқшылықтың мерекесі.
Бұл күнге аман-есен жеттік деп қуанған халық бір-бірімен қуана көрісіп, өкпе-ренішті ұмытып, бір қазаннан Наурыз көже ішіп, тойлаған.
Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызып, егін салды. Қыстан қысылып шыққан ағайынға дем беріп, қайырымдылық көрсетті.
Бүгінгі күні де осы дәстүрлеріміз ұмытылмай, керісінше, қайта жаңғырып, жанданып келеді.
Қазіргі таңда Наурыз мейрамын тойлаудың басты мақсаты - қоғамды біріктіру, қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен мәдени ерекшелігін сақтау және насихаттау. Ол - жаңару идеясына негізделген, үлкен идеологиялық әлеуетке ие мереке ретінде отбасы мен қоғамды біріктіретін құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Ардақты ағайын!
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз елімізге тыныштық, жерімізге молшылық, әрбір отбасына бақ-береке, ырыс-құт әкелсін деп тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.