Басты бет / Жаңалықтар / Жаңа тағайындау
Жаңа тағайындау

Просмотров: 2598

 

Басқарма төрағасы – Ректор ҚР ҰҒА академигі Тіреуов Қанат Маратұлының 2023 жылдың 25 қаңтарындағы 113-Ж/Қ бұйрығымен Жазықбаева Жазира Мейірханқызы Аппарат басшысы болып тағайындалды.

Жазира Жазықбаева осы уақытқа дейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (2007-2023 ж.ж) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарды, білім ордамыздың түлегі, университетте 1998 жылдан бері еңбек етуде .

Жазира Жазықбаева техника ғылымдарының кандидаты, «Аграрлық техника және технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.