Просмотров: 858
Жақында Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен университет деңгейінде «Тіл және жаhандану мәселелері» тақырыбында проблемалық дәріс өтті. Дәрісті жүргізген Қазақ және орыс тілдері кафедрасының профессоры м.а., ф.ғ.к. Тоқсанбаева Тілектес Жаңабергенқызы.
Дәрістің мақсаты: Жаһандану үдерісінде тіл маңызды құрал ретінде қоғамдағы экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатынастарды реттеуде шешуші рөл атқаратынын ескере отырып, жаһандану контекстінде тілдер мен мәдениеттердің бірегейлігін сақтау және мемлекеттік тілдің құндылығын түсіндіре отырып, жаһанданудың теріс әсерлеріне қарсы тұрудың маңызды аспектілерін анықтау.
Дәрісте ғалым Т.Ж. Тоқсанбаева жаһандану туралы түсінік беріп, тыңдаушылар назарын бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы, жаһандану кезеңіндегі тілдің рөліне баса назар аударта отырып, тіл – әрбір халықтың мәдени мұрасы мен ұлттық болмысының негізі екендігін түсіндірді, сондай-ақ жаһандану үдерісінде тіл халықаралық қарымқатынас құралы ретінде маңызды рөл атқаратындығы, әлемдік интеграция кезінде көптілділік пен мәдени әртүрлілік сақталуы қажеттігі жайында ұтымды ой, мазмұнды сөз қозғады.
Бұл дәріске университет академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің аға менеджері Байзақова Арайлым Қозыбағарқызы кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.
Проблемалық дәріс соңында қатысушы ғалымдар мен білім алушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар мен пікір алмасушылық жүзеге асырылды. Дәріс ұтымды денгейде өткізіліп, қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.