Просмотров: 364
«Жер ресурстарын цифрлық басқару» қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру және П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті магистранттарының сыртқы кредиттік академиялық ұтқырлығы аясында 2026 жылғы 10–22 ақпан аралығында «С.С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында «Жылжымайтын мүлікті басқару және аумақтық жоспарлау» пәні бойынша сабақтар өткізілуде.
Курсты экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Кадастр» білім беру бағдарламасының жетекшісі Ф.А. Шуленбаева жүргізуде. Ол – жер ресурстарын басқару және аумақтық даму саласындағы білікті сарапшы.
Сабақтар Жер ресурстары және сәулет институтының базасында өтуде. Дәрістер барысында магистранттар жылжымайтын мүлікті басқарудың заманауи тәсілдерін, аумақтық жоспарлау мәселелерін, сондай-ақ жер қатынастарын цифрландыру бағыттарын зерделейді.
Аталған курсты ұйымдастыру білім алушылардың кәсіби құзыреттерін тереңдетуге, серіктес жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуды кеңейтуге және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Мұндай іс-шаралар жер ресурстарын басқару саласында ғылым, білім және цифрлық технологиялардың ықпалдасуын нығайтады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.