Басты бет / Жаңалықтар / "Жұмыс берушілер форумы"өтті
"Жұмыс берушілер форумы"өтті

Просмотров: 1515

 

31.01.2023 жылы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде "Жұмыс берушілер форумы"өтті.

Жұмыс берушілер форумының мақсаты, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін нығайту саласындағы міндеттерді шешуге жәрдемдесу.

Жұмыс берушілер форумына "Атамекен" ҰКП, "Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты" ЖШС, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Астана электротехникалық зауыты " ЖШС, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ, Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы," 1С- Батыр " ЖШС , "Еуразия групп Казахстан" ЖШС-гі сынды ірі ұйымдарының басшылары, стейкхолдерлер, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ университеттің жас ғалымдары, түлектері мен білім алушылары, қатысты.

Форум қатысушыларын Басқарма Төрағасының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары, п.ғ.д., профессор Әбдіров А.М. арнайы құттықтады. Сондай-ақ ол, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің білім алушыларын тәжірбиелік даярлаудың аса маңыздылығы мен Университеттің жұмыс берушілермен және барлық стейхолтерлермен тиімді өзара іс-қимылы үшін іскерлік алаң болып табылатын жұмыс берушілер форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Форум спикерлері тәжірибеге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге, жас кадрларды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері, өмір бойы Оқыту қағидаты шеңберінде ПОҚ біліктілігін арттыруға баса назар аударылған өзекті тақырыптарды қозғады.

"Қазіргі кезеңде экономиканың жаңа талаптары ҰКП-ға, жұмыс берушілердің кәсіби стандарттары мен талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру сапасына тағы да назар аударуды қажет етеді",-деп атап өтті "Атамекен" ҰКП Адами ресурстарды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Амангелдіұлы.

Форумның қорытынды бөлімінде экономика факультетінің деканы Н.Н. Нұрмұхаметов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Жұмыс берушілер форумының Қарарымен таныстырды. Қарарда  жұмыс берушілер кеңесінің ережесі және оның құрамы бекітілген.

Жұмыс берушілер Кеңесі қызметінің мақсаты сапалы білім беру ортасын қалыптастыру, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін нығайту саласындағы міндеттерді шешуге жәрдемдесу болып табылады.

Жалпы, іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтті. Алдағы уақытта да оқу процесін, кәсіптік тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыруға және дуальды оқытуды дамытуға жұмыс берушілер өз үлестерін қосады деп үміттенеміз.