Басты бет / Хабарландыру / Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының Бос орындар жәрмеңкесі
Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының Бос орындар жәрмеңкесі

Өтетін күні: 26 ақпан 2026 жыл

Қатысушыларды тіркеу: 9:00
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Астана қаласы,
Сарайшық  ауданы, Интернациональный тұрғын алабы, Армандастар көшесі, 2Б
Формат: Офлайн/Онлайн

 

Түлектер мен білім алушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Жануарлар ғылымы және ветеринария институты жұмыс берушілер мен білім алушыларды Бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.

Жәрмеңкеде ұсынылатын білім беру бағыттары:

6B09101 – Ветеринариялық қауіпсіздік

6B09102 – Тағам қауіпсіздігі

6B05102 – Биотехнология

6B05103 – Биология

6B08201 – Мал шаруашылығы

6B08401 – Аквакультура және су биоресурстары

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу барысында:

- Жұмыс берушілер түлектерді бос жұмыс орындарымен мен тәжірибе бағдарламаларымен таныстыруға мүмкіндік алады

- Жұмыс берушілер түлектердің портфолиоларымен таныса алады

- Жұмыс берушілер өндірістік тәжірибе бойынша келісімшарттар жасай алады

- Түлектер ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерімен алдын ала сұхбаттасып, жұмысқа орналасу және мансаптық даму мәселелері бойынша кеңес ала алады.

 

Іс-шараға қатысу және кіру сілтемесін алу үшін (онлайн қатысу үшін) барлық жұмыс берушілер 87055801206 нөмірі бойынша тіркеуден өтуі  қажет.