2025 жылғы 3 маусымда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Техникалық факультетінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының қатысуымен алғашқы көшпелі форматтағы дипломдық жобаларды қорғау рәсімін өткізді. Іс-шара «Қазқұрылысжүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік-зертханалық базасында ұйымдастырылды. МАК комиссия төрағасы – т.ғ.к., доцент В.Н. Михалченко, комиссия мүшелері: С.С. Алдабергенова, А.А. Мұратов, А.А. Ибжанова және А.Б. Аязбаева болды. Қорғауға «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасы бойынша 4-курс студенттері қатысып, өздерінің дипломдық жобаларын нақты өндірістік ортада сәтті қорғады.
Бұл жерде көшпелі қорғаудың артықшылықтары ретінде:
-өндірістік процестер мен заманауи зертханалық жабдықтарды қолдану арқылы жобалардың практикалық маңызын арттыру;
-студенттердің теориялық білімдерін нақты тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігі;
-оқу орны мен өндіріс арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту;
-болашақ мамандарды жұмыс орнында кәсіби бейімдеу процесін жеделдету атап өтуге болады.
Аталған формат білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін нақты жағдайларда көрсетуіне жол ашты.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.