Басты бет / Хабарландыру / Ансабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызын докторлық диссертациясын қорғаумен құттықтаймыз!
Ансабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызын докторлық диссертациясын қорғаумен құттықтаймыз!

2025 жылғы 27 маусымда «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте 8D071– «Инженерия және инженерлік іс» бағыты бойынша Ансабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызы өз докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

 

8D07107 – «Техникалық жүйелерді басқару» білім беру бағдарламасының түлегі Гүлбақыт Нұрлыбекқызы «Нейро-анық емес технологиялар негізінде электр жүйелері объектілерінің қорғанысы және автоматикасы үшін интеллектуалды басқару жүйелерін әзірлеу» тақырыбында өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Бұл жұмыс жасанды интеллектті қолдана отырып, электр энергетикасындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

 

Диссертациялық жұмыс «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасында орындалды.

 

Ансабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызын маңызды ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта сәттілік, жаңа табыстар және тез арада PhD дәрежесін рәсімдеп, жаңа биіктерді бағындыруына тілектеспіз!

 

 

04.07.2025