Басты бет / Хабарландыру / Студенттік асхана кешенін салу үшін инвесторларды тарту
Студенттік асхана кешенін салу үшін инвесторларды тарту

Университетке инвестиция тарту арқылы студенттерге арналған асхана кешенін  салу мәселесі қарастырылуда. Жобаның жалпы ауданы кемінде 2500 (екі мың бес жүз) шаршы метр болуы тиіс.

Негізгі шарттар: жобаны толық сүйемелдеу, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және нысанды университет аумағында пайдалануға беру.

Сондай-ақ, асхана кешеніне 20 (жиырма) жыл мерзім ішінде техникалық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жүзеге асырылады.