Басты бет / 2024 жылдың төртінші тоқсанында өткізілген іс-шаралар
2024 жылдың төртінші тоқсанында өткізілген іс-шаралар

2024 жылы желтоқсан айының 23-24 жұлдызында Erasmus+ «UnWaste «Қалдықтарды басқару» бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» атты халықаралық білім беру жобасы бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға Еуропа мен Қазақстанның барлық серіктес университеттерінің өкілдері қатысты: Технологиялар, бизнес және инженерия университеті (Hochschule Wismar), Висмар, Германия; EКA университеті, Рига, Латвия; Таллин технологиялық университеті, Таллин, Эстония; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай; Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау; Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана.

С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ жобаның жергілікті үйлестірушісі Сатыбалдиева Г.Қ. конференцияға модераторлық етті. Құттықтау сөздерден кейін қазақстандық серіктес үш университеттің жобаны жүзеге асыру барысы туралы есептері тыңдалды. А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ жергілікті жоба үйлестірушісі Юнусова Г.Б. «Геоэкология және қоршаған ортаны басқару» магистратура білім бағдарламасын (ББ) әзірлеу және енгізу нәтижелері; С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ жергілікті жоба үйлестірушісі Сатыбалдиева Г. Қ. - «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» ББ нәтижелері және Ш.Уәлиханов атындағы КУ жергілікті жоба үйлестірушісі Құрманғалиева А.С. - «Қалдықтарды басқару» ББ нәтижелері баяндалды.

UnWaste жобасының мақсаты мен міндеттері, жоспарланған жұмыс көлемі толығымен орындалды.


2024 жылы желтоқсан айының 19 жұлдызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ.) Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Іс-шараға қатысушыларға Эразмус+ бағдарламасының жобаларымен (жоғары білім беру жүйесіндегі біліктілікті арттыру, халықаралық кредиттік ұтқырлық), Жан Монне, Эразмус Мундус; өтінімдерді беру кезіңіндегі өзгерістер туралы, сәтті жобалардың тәжірибесі және т.б. ақпараттар ұсынылды.

Erasmus+ «UnWaste «Қалдықтарды басқару» бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» атты халықаралық білім беру жобасын орындаушылар мүшелері С.О. Китайбекова және Ж.Б. Бекпергенова осы шараға қатысып  жоба нәтижелерімен таныстырды.


2024 жылы желтоқсан айының 16-17 жұлдызында Мәскеуде өткен ЕАЭО елдерінің халықаралық ғылыми және қоғамдық экологиялық кеңесінің құрылтай конференциясына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының делегация құрамында биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университететі экология кафедрасының меңгерушісі, «UnWaste» жобасының жергілікті үйлестірушісі Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы қатысты.

«ЕАЭО елдеріндегі су ресурстарын сақтау» дөңгелек үстел мәжілісінде Г.Қ. Сатыбалдиева табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласында жоғары білімді, қалдықтарды басқару саласында құзыретті, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын құруда инновациялық тәсілдерді қолдануға қабілетті мамандарды даярлау қажеттілігіне өз назарын аударды.

Конференцияға қатысушыларға Erasmus+ UnWaste «Қалдықтарды басқару» бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» атты халықаралық білім беру жобасының нәтижелерін баяндады.

 

 


2024 жылдың  қараша айының 6 жұлдызында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне Германияның Технология, бизнес және дизайн университетінен (Hochschule Wismar) профессор Гуннар Праузе және менеджер Светлана Зайдензаль Erasmus + UnWaste «Қалдықтарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» халықаралық білім беру жобасының ішкі қаржылық мониторингі мен сыртқы аудитін жүргізу мақсатында келді.

Мониторинг барысында Висмар университеттің өкілдерімен Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тиреуов, университет басшылығы және UnWaste командасының мүшелері арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Түркия елінде Кастамону университетінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен «500 ғалым» жобасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан UnWaste жобаcының локальды координаторы Сатыбалдиева Г.К., топ мүшесі Утарбаева А.Ш. онлайн қосылды.

Гүлмира Қалмашқызы жиынға қатысушыларға жобаның негізгі нәтижелерін баяндады:

1. 7М08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» білім беру саласында «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» магистрлік бағдарламасы әзірленді.

 «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» магистрлік бағдарламасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған білім беру бағдарламаларының реестріне енгізілген.

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының реестріне» ақпараттық жүйесінің операторы функцияларын жүзеге асырады. https://enic-kazakhstan.kz/ru/reestr-op/reestr-op.

2. «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» білім беру бағдарламасы IAAR тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде аккредиттелген.

          IAAR Еуропалық сапаны қамтамасыз ету EQAR тізіліміне енгізілген және ENQA жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының толық мүшесі болып табылады. https://iaar.agency/iaar/nezavisimoe-agentstvo-akkreditacii-i-rejtinga

3. 2022 жылы «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» білім беру бағдарламасына 3 магистрант; 2024 жылы – 2 магистрант қабылданды.

4. «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» білім беру бағдарламасының алғашқы түлектері 2024 ж. магистратураны аяқтады

5. 2023 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың 3 магистранты және 5 оқытушысы ЕКА университетінде, Рига, Латвияда ғылыми тағылымдамадан өтті (2-6 қазан 2023 ж.).

6. 2023 жылы Германия, Висмар университетінде ғылыми тағылымдамадан Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың 3 магистранты және 7 қызметкер өтті (9-14 қазан 2023 ж.).

7. 2024 жылы Эстония, Таллин технологиялық университетінің базасында ғылыми тағылымдамадан Сәкен Сейфуллин атындағы КАТЗУ 3 оқытушы өтті (7 - 12 қазан 2024 ж.).

8. Университет базасында 2 ғылыми семинар өткізілді:

 1) «Қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи инновациялық технологиялары» тақырыбындағы семинар (27-31 наурыз 2023 ж.);

2) «Айналмалы экономика және тұрақты даму» тақырыбындағы семинар (2024 ж.26-28 маусым).

9.  Жоба аясында университет магистранттары мен студенттері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізу, қалдықтарды басқару және өңдеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін құрал-жабдықтар алынды.

10. Университеттің ресми сайтында және Facebook, Instagram, Telegram және т.б. әлеуметтік желілерде жоба туралы ақпаратты тарату мақсатында ақпараттық беттер жасалды.

           UnWaste жобасының негізгі нәтижелерін жобаның локальды координаторы Г.К. Сатыбалдиева 2023 жылы шілде айының 4-5 жұлдызында  Астана қаласында өткен "GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM" (GEWR) Қалдықтарды басқару және жаңартылатын энергия атты Еуразиялық форумда баяндады. Қазақстанның 3 серіктес жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары таныстырылды: Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» (Астана), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Қалдықтарды басқару» (Көкшетау), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» (Қостанай).

Табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласында жоғары білімді, қалдықтарды басқару саласында құзыретті, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын құруда инновациялық тәсілдерді қолдануға қабілетті мамандарды даярлау олардың Қазақстанның қазіргі еңбек нарығындағы өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жобаның мақсаты мен міндеттері толық көлемде орындалды.

Қорытындылай келе, Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Басқарма төрағасы – ректор Қ.М. Тіреуов профессор Гуннар Праузе мырзаға «UnWaste» жобаны табысты жүзеге асырғаны және екі елдің ғылыми – білім беру қауымдастықтары арасындағы ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастарды нығайтқан үшін алғыс білдірді.

Мониторинг аясында профессор Гуннар Праузе жоба бойынша сатып алынған құрал-жабдықтардың жұмысымен танысып университет қызметкерлері, магистранттары мен студенттеріне «Circular Economy and Waste Management: The European Experience» тақырыбында ғылыми семинар өткізді және семинар қатысушыларына сертификаттар табыстады.


2024 жылдың 7 - 12 қазаны аралығында ERASMUS+618715-EPP- 1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Қалдықтарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» UnWaste – EU халықаралық білім беру жобасы аясында Таллин Технологиялық Университетінің (Таллин, Эстония) серіктестерімен ұйымдастырылған «Тұрақты даму үшін серіктестік» аталған 8-семинар өтуде. Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТИУ «UnWaste» командасы семинарға Германияның Висмар университетінен, Латвиядағы ЕКА университетінен, А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ және Ш.Уәлиханов атындағы ҚУ серіктестерімен бірге қатысуда. Семинар ресурстар мен қалдықтарды басқарудың неғұрлым тұрақты тәжірибесіне көшуге көмектесетін стратегиялар мен шешімдерді талқылауға бағытталған.