Басты бет / Инжиниринг және азық түлік технологиялар иститутының 1 курс студенттерімен кездесу өтті
Инжиниринг және азық түлік технологиялар иститутының 1 курс студенттерімен кездесу өтті

2025 жылғы 29 қыркүйек-7 қазан аралығында 1 курс студенттерімен жоғары оқу орнына бейімделу үдерісін жеңілдету мақсатында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуіне, бір-бірімен танысып, топ ішінде өзара сенім мен қолдау атмосферасын орнатуына жағдай жасау болды. Тренинг барысында қатысушылар топтық және сергіту жаттығуларын орындап, өз ойларын еркін білдірді. Іс-шара нәтижесінде студенттер өздерін еркін сезініп, оқу үдерісіне оң көзқарас қалыптастырды және бейімделу кезеңіндегі психологиялық тұрақтылықтарын нығайтты. Тренинг өз мақсатына жетіп, қатысушылар жағымды әсер алып, белсенділік танытты. Тренингке жалпы саны қазақ-орыс топтары бойынша 43 академиялық топ қатыстырылды. Қамтылған студенттер саны - 1117 студент.