«Un Waste» жобасы

                                                              

Жоба атауы:  «Қалдықтарды басқару» / Un Waste магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жолымен серіктес елдерде тұйық цикл экономикасын дамыту

Жоба нөмірі: 618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPUn-Waste

Жобаны іске асыру мерзімі: 15.01. 2021 – 14.01. 2024

Қазақстан Республикасы үлкен жер аумағына ие және өзекті проблемалардың бірі қалдықтарды басқару болып табылады, өйткені қалдықтарды кәдеге жаратудың негізгі тәсілі оларды полигондар мен үйінділерде орналастыру болып табылады. Қазіргі уақытта қалдықтар саны айтарлықтай артып келеді. Осыған байланысты қалдықтарды кәдеге жаратудың жаңа тәсілін жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын құруда жүйелі проблемалар туындайды, оның ішінде жүйелі тәсілді пайдалана отырып, қалдықтардың өсіп келе жатқан мөлшерін басқара алатын білікті мамандардың болмауы. Қазақстанның аграрлық өңірлері үшін тағы бір маңызды мәселе, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу.

Жоба консорциумға кіретін барлық университеттері енгізетін және аккредиттейтін серіктес елдердің әрқайсысында қалдықтарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеуге бағытталған. Осы магистрлік бағдарламаны әзірлеу тұйық циклді экономика қағидаттарына негізделген қалдықтарды қайта өңдеу тәжірибесін енгізу қажеттілігімен негізделген, бұл Қазақстан үшін өте өзекті. Сонымен қатар, қалдықтарды басқару бойынша мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие.

Жобаның мақсаты – еуропалық университеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, циркулярлық экономика туралы хабардар болуды арттыру мақсатында «Қалдықтарды басқару» бірлескен пәнаралық магистрлік бағдарламасын әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

Күтілетін нәтижелер:

Еуропадағы серіктес жоғары оқу орындары:

Технология, бизнес және жобалау университеті (Hochschule Wismar), Германия;

Таллин Технологиялық университеті, Эстония;

Экономика және мәдениет университеті, Латвия.

Қазақстанның серіктес ЖОО:

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай;

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау;

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан.

Жоба командасының құрамы:

  1. Сатыбалдиева Гульмира Калмашевна – экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жобаның локальды координаторы, ұйымдастыру жұмыстарына, ұжыммен және серіктестермен байланысқа, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға жауапты.
  2. Тиреуов Қанат Маратұлы – Басқарма төрағасы – Ректор, әкімшілік менеджер, университетте нәтижелерді енгізуге, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерімен байланысқа жауапты.
  3. Абдыров Айтжан Мухаметжанович – Бірінші проректор, академиялық менеджер, жобаның мазмұнын әзірлеуге, университетте нәтижелерді енгізуге жауапты.
  4. Китайбекова Сара Оразбековна – орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, жобаның менеджері, оқытушы-жаттықтырушы, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға жауапты.
  5. Байтеленова Алия Аскеровна – егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, қаржы менеджері, оқытушы-жаттықтырушы, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға жауапты.
  6. Калиева Салтанат Ерболовна – халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық департаментінің халықаралық бағдарламалар және жобалар бойынша бас менеджері, әлеуметтік желілерде жоба материалдарын орналастыруға жауапты.
  7. Шупшибаев Казбек Камалиевич – экология кафедрасының доценті, оқытушы-жаттықтырушы, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға жауапты.
  8. Утарбаева Айжан Шарельевна – экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, оқытушы-жаттықтырушы, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға, университет сайтында жоба материалдарын орналастыруға жауапты.
  9. Стыбаев Ғани Жасымбекович – агрономия факультетінің деканы, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры, оқытушы-жаттықтырушы, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға жауапты.
  10. Бекпергенова Жұлдызай Боронбаевна – экология кафедрасының аға оқытушысы, оқытушы-жаттықтырушы, жобаның мазмұнын әзірлеуге және нәтижелерін жүзеге асыруға, әлеуметтік желілерде жоба материалдарын орналастыруға жауапты.
  11. Ахантаева Альбина – «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультетінің «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» білім бағдарламасының 1 курс магистранты.
  12. Гомер Вероника Яковлевна – «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультетінің «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» білім бағдарламасының 1 курс магистранты.
  13. Байган Куралай Бауыржанкызы – «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультетінің «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» білім бағдарламасының 1 курс магистранты.

 

https://ec.europa.eu/info/funding-tenders/opportunities/portal/screen/how-to-participate/org-details/934157531/project/400618715/program/31059093/details

https://www.facebook.com/unwaste.unwaste

https://www.instagram.com/?hl=ru

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл жарияланымның мазмұны университет жауапкершілігінің мәні болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын білдірмейді

2021 жыл

Ресейдің серіктес жоғары оқу орындары:

«ТИСБИ» басқару университеті, Қазан;

Ұлы Петрдің Санкт-Петербург Политехникалық университеті, Санкт-Петербург;

Ростов мемлекеттік экономикалық университеті, Ростов-на-Дону.

Жоба командасының құрамы:

  • Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы, Экология кафедрасының меңгерушісі, жобаның жергілікті үйлестірушісі, академиялық менеджер, ұйымдастыру іс-шараларына, командамен және серіктестермен байланысқа, жұмыстың мазмұнын әзірлеуге, нәтижелерді енгізуге жауап береді және WP1- дайындық кезеңіне жауапты.
  • Әбдіров Айтжан Мұхаметжанұлы, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, әкімшілік менеджер, жобаның мазмұнын әзірлеуге, университетте нәтижелерді енгізуге, енгізу кезінде ҚР БҒМ өкілдерімен байланысқа жауап береді,WP5 – менеджмент және үйлестіру үшін жауапты.
  • Қытайбекова Сара Оразбекқызы, Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, жоба менеджері, әзірлеуші-оқытушы, жобаның мазмұндық бөлігін әзірлеуге және жоба нәтижелерінің тұрақтылығына жауапты.
  • Байтеленова Әлия Асқарқызы, Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, жобаның қаржы менеджері, оқытушы-әзірлеуші, жобаның мазмұндық бөлігін әзірлеуге және WP3 - мониторинг және сапаны бақылау үшін жауапты.
  • Сарсекова Дани Нұрғисақызы, Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, зерттеуші, жобаның мазмұндық бөлігін әзірлеуге және жұмыс берушілермен байланысқа жауапты.
  • Шөпшібаев Қазбек Қамалұлы, Экология кафедрасының доценті, оқытушы-әзірлеуші, жобаның мазмұндық бөлігін әзірлеуге және жұмыс берушілермен байланысқа жауапты.
  • Отарбаева Айжан Шарелқызы, Экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, оқытушы-әзірлеуші, жобаның мазмұндық бөлігін әзірлеуге және нәтижелерді таратуға жауапты, университет сайтында жоба материалдарын орналастыруға жауапты.
  • Жагловская Алина Александровна, Экология кафедрасының аға оқытушысы, оқытушы-әзірлеуші, жобаның мазмұндық бөлігін әзірлеуге және нәтижелерді таратуға жауап береді, жоба материалдарын әлеуметтік желілерде орналастыруға жауапты.

 

Еуропалық Одақтың Эразмус+ «UnWaste» жобасы бойынша алғашқы жұмыс кездесуі

ЕО Эразмус+ «Un-Waste” жобасы бойынша екінші кездесу

ЕО Эразмус+ UnWaste жобасы бойынша мониторинг

«Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қалдықтарды басқарудың жаңа тәсілдері» тақырыбында ашық дәріс

«Жасыл экономикадағы табиғи ресурстарды интеграциялық басқару» VII Халықаралық жазғы мектебіндегі «UnWaste» жобасы үйлестірушісінің сөйлеген сөзі