Басты бет / Университет / Департаменттер / «Агротехнопарк Seifullin University
«Агротехнопарк Seifullin University
Биологиялық қауіпсіздік бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы

Биологиялық қауіпсіздік бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы

1) Ғылыми орталықтың толық атауы: Қазақстан-Қытай бірлескен биологиялық қауіпсіздік жөніндегі зертхана (ҚҚББҚЗ).

БҚБҚҚЗ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді және Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы, Шыңжаң аграрлық университеті және КЕАҚ «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде құрылды.

 

2) БҚБҚҚЗ штатында жеті қызметкер бар: зертхана меңгерушісі, сынама алу және ақпаратты өңдеу жөніндегі маманы, 3 сынақ маманы, сапа менеджері, зертханашы.

 

БҚБҚҚЗ меңгерушісі

в.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Аканова Жаннара Жолдасовна

E-mail:  z.akanova@kazatu.edu.kz

Сынама алу және ақпаратты өңдеу жөніндегі маманы

Бакалавр биотехнолог

Аканов Айбек Досмуратович

E-mail:   a.akanov@kazatu.edu.kz

БҚБҚҚЗ сынақ маманы

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кукаева Анара Каирбековна

E-mail:  a.kukayeva@kazatu.edu.kz

БҚБҚҚЗ  сынақ маманы

а/ш.ғ.м., Шарипова Галина Федоровна

E-mail:  g.sharipova@kazatu.edu.kz

БҚБҚҚЗ  сынақ маманы

а/ш.ғ.м., Еңсебек Тоғжан Дауылқызы

E-mail:  t.yengsebek@kazatu.edu.kz

БҚБҚҚЗ сапа менеджері

Сапа менеджменті бакалавры

Амантаева Майра Кастаевна

E-mail:  mairaev@mail.ru

3) Зертхана жөнінде:

Бұл зертхана жануарлардың, құстардың жұқпалы ауруларын зерттеу және диагностикалау, жем мен сүтті зоотехникалық талдау мақсатында құрылған.

Зертхананың қауіпсіздік деңгейі мен жабдықталуы жануарлар мен құстардың аса қауіпті, трансшекаралық ауруларының қоздырғыштарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Зертхана жұмысы BSL-2 қауіпсіздік стандарты негізінде ұйымдастырылған.

 Тамақ қауіпсіздігі талаптарына сәйкес мал азығы мен сүт зертханасы жұқпалы аурулардың диагностикасы жүргізілетін зертханадан бөлек орналасқан.

 

 

Қазіргі уақытта зертханада МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша аккредиттелген.

БҚБҚҚЗ жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары (бруцеллез, ІҚМ лейкозы, ІҚМ вирустық диареясы, ІҚМ инфекциялық ринотрахеиті, ІҚМ нодулярлық дерматиті, жылқы тұмауы, жылқы ринопневмониясы, паратуберкулез, инфекциялық ларинготрахеит, инфекциялық бронхит, Ньюкасл ауруы, Гамборо ауруы, құс тұмауы, микоплазмоз), сондай-ақ зоотехникалық талдау сүт (майдың, ақуыздың массалық үлесі және АТЖ платформасына енгізе отырып соматикалық жасушалардың құрамы) және жемшөптің зоотехникалық талдауы (құрғақ заттың массалық үлесі, шикі талшық және шикі ақуыз) аккредиттеу аймағында.

  

 

Зертхананың аккредиттеу аттестаттары

 

2024 жылы Қытайдың сәйкестікті бағалау жөніндегі Ұлттық аккредиттеу қызметі (CNAS) МЕСТ ISO/ IEC 17025:2019 (ISO/IEC 17025:2017, IDT) «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша зертхананы аккредиттеуден өткізілді (сурет. 3). Аккредиттеу саласына құс тұмауы, Ньюкасл ауруы және бруцеллез диагнозы кіреді.

 

4) Ғылыми жұмыс:

2025 жылы биологиялық қауіпсіздік бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының екі қызметкері Ж. Ж. Ақанова мен Ж. К. Байболин Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымының (WOAH) «WOAH Laboratory Twinning Programme» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырудан өтіп, оқудан өткені туралы тиісті сертификаттар алды.

Харбин ветеринарлық зерттеу институтында «WOAH Laboratory Twinning Programme» бағдарламасы бойынша ҚҚББҚЗ қызметкерлерінің ғылыми біліктілігін арттыру жөніндегі сертификаты

2025 жылғы 4-5 қарашада Хайнань провинциясының (ҚХР) Санья қаласында жануарлар ауруларының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша технологиялық семинар өтті. Іс-шараға ҚҚББҚЗ қызметкерлері Ж. Ж. Ақанова мен Ж. К. Байболин қатысып: «Genome-wide characterization and comparative phylogenomics of three Salmonella Abortus equi strains isolated from equine abortions in Kazakhstan» и «Distribution, symptoms and modern methods of diagnostics of trichinellosis» тақырыптар бойынша баяндама жасады.

БҚБҚҚЗ қызметкерлерінің Санья қаласындағы (ҚХР)технологиялық семинарға қатысуы

 

Зертхана базасында докторанттар мен магистранттарға ғылыми зерттеулер жүргізіледі, студенттердің дипломдық жұмыстары орындалады, сондай-ақ «Ветеринария» және «Мал шаруашылығы және биология ғылымдары» бойынша 4-5 курс білім алушылары үшін өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту ұйымдастырылады.

Зертхана базасында нысаналы қаржыландыру және гранттық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жобалар, сондай-ақ халықаралық жобалар орындалады:

1. 2024 жылы 4М/23 «Қазақстан және Пәкістандағы COVID-19 алдын алу және оған қарсы күрес» (жобаның идентификаторы: ANSO-CR-KP-2021-02)» ғылыми бағыт беруші: Қытай Ғылым Академиясының Ухань вирусология институты. ҚХР.

2. 2025 жылы «Қазақстанда жылқы, ірі қара және қой сияқты шөпқоректі жануарлардың кең таралған жұқпалы ауруларын эпидемиологиялық зерттеу» 5М/24 жобасын іске асыру басталды, ғылыми бағыт беруші: Харбин ветеринарлық зерттеу институты, Харбин қ. ҚХР.

3. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «WOAH Laboratory Twinning programme» бағдарламасына Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (WOAH) мен Харбин ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты (ХҒЗВИ) арасында жобаның бірлескен орындаушысы ретінде қатысушысы болып табылады.

4. 2025 жылы BR21882327 «Аауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу» бағдарламасы аяқталды. Жоба жетекшісі – Тиреуов К. М.

5. «ҚР құс фабрикаларында айналымдағы сальмонелла штаммдарының молекулалық-генетикалық сипаттамасы және оларды анықтау үшін экспресс-тест әзірлеу» жобасы іске асырылуда. Жоба жетекшісі – Боровиков С.Н.