![]() |
Запастағы полковник, әскери кафедраның оқытушысы Кабинет 309, тел. +7(7172) 39-40-28 (210) E-mail: k.abdikulov@kazatu.edu.kz
|
Ғылыми қызығушылықтар саласы
Жеке құрамды әскери-кәсіби даярлау, жалпыәскери ұрысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері, Зымыран әскерлері мен артиллерияның қару-жарағы мен әскери техникасын қолдану және дамыту, артиллериялық және зымырандық кешендерді жауынгерлік қолданудың негіздері, әскери топография және әскерлерді геодезиялық қамтамасыз ету, бөлімшелерді навигациялық және топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы әскери білім беру жүйесінде офицер кадрларын даярлаудың тиімділігін арттыру.
Оқытылатын пәндер
Жалпыәскери дайындық, саптық дайындық, тактикалық дайындық, әскери қызмет негіздері, әскери топография және геодезия, жергілікті жерде бағдарлану, топографиялық карталар мен шартты белгілер, бөлімшелерді навигациялық қамтамасыз ету, Зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін жауынгерлік қолданудың негіздері, атыс дайындығының негіздері, әскери қызмет қауіпсіздігі.
Білімi
1988–1993 жж. – Курсант, Ленин комсомолы атындағы Серпухов жоғары әскери командалық-инженерлік зымыран әскерлері училищесі, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Серпухов қаласы.
1999–2001 жж. – Тыңдаушы, Қазақстан Республикасының Қазақ мемлекеттік заң академиясы.
Еңбек өтілі
1988–1993 жж. – Курсант, Ленин комсомолы атындағы Серпухов жоғары әскери командалық-инженерлік зымыран әскерлері училищесі, Мәскеу облысы, Серпухов қаласы.
1993 ж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қарамағында.
1993 ж. – Аға оператор, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
1993–1995 жж. – Старттық бөлімшенің бастығы, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
1995–1999 жж. – Старттық батарея командирі, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
1999 ж. – Зымыран дивизионы штабының бастығы, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
1999–2002 жж. – Зымыран дивизионы командирінің орынбасары – штаб бастығы, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
2002–2003 жж. – Оперативтік бөлімше бастығының аға көмекшісі, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
2003–2007 жж. – Зымыран дивизионының командирі, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
2007–2008 жж. – Бригада командирінің орынбасары – штаб бастығы, 60601 әскери бөлімі, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы.
2008–2009 жж. – Бригада командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы, 60601 әскери бөлімі, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы.
2009–2016 жж. – Бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, 36803 әскери бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарынан запасқа шығарылды.
2017 ж. – Қауіпсіздік департаментінің менеджері, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ, Астана қаласы.
2017–2018 жж. – Қауіпсіздік департаментінің бас менеджері, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ, Астана қаласы.
2018–2026 жж. – Заңгер, «Балнұр» жеке кәсіпкерлігі, Астана қаласы.
2026 ж. – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің әскери кафедрасының оқытушысы.
Марапаттар мен құрмет грамоталары
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.
