Басты бет / ППС / Сүлейман Мәдина Акбаралықызы
Сүлейман Мәдина Акбаралықызы

Сүлейман Мәдина Акбаралықызы

 

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі,  оқытушы

Кабинет 5124, тел. 8 (778) 229 19 94

E-mail: m.suleyman@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Өсімдіктерді қорғау және карантин, вирусология, молекулалық биология, ауылшаруашылық биотехнология

Оқытатын пәндері

Ауылшаруашылық энтомологиясы

Өсімдіктерді химиялық қорғау

Карантиндік ағзалар және олармен күрес шаралары

Зиянды нематодтар, кенелер мен кеміргіштер

Организмдердің жалпы биологиясы

Зерттеулердің негізгі бағыттары

Өсімдіктерді қорғау және карантин, вирусология, молекулалық биология, фитопатология, микология, ксилотрофты саңырауқұлақ сығындыларын алу, ауылшаруашылық биотехнология (вируссыз тұқым шаруашылығы және картоп өсіру), базидиомицеттерді өсіру

Ағымдағы зерттеу жобалары

AP23485559 «Солтүстік Қазақстан үшін түрлі-түсті картоп түйнекті сұрыптары мен будандарын таңдау, биологиялық қорғау технологиясын құру», 2024-2026 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ 217 бюджеттік бағдарламасы бойынша.

ҚР АШМ-нің 2024-2026 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер популяцияларының санын басқарудың тиімді жүйесін құру» BR22887230 бағдарламасын «Карантиндік зиянды организмдерді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін сынақтан өткізу» жобасы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

Білімі

2011-2015 жж., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Агрономия факультеті.

Берілген: «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры академиялық дәрежесі.

Үздік Диплом, орташа өлшенген балл (GPA) – 3.69.

2015-2017 жж., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Агрономия факультеті.

Берілген: «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесі.

Орташа өлшенген балл (GPA) – 3.84.

2019-2022 жж., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ, Агрономия факультеті.

«Фитосанитариялық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқудан өту.

Еңбек өтілі

2016-2019 – ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Өсімдіктер Карантині Орталығы» ММ, Фитосанитариялық тәуекелді талдау және зертханалық сараптама бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер.

2019-2019 – ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Өсімдіктер Карантині Орталығы» ММ, Фитосанитариялық тәуекелді талдау және зертханалық сараптама бөлімінде бас ғылыми қызметкері.

2021-2024 - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ - №3М/21, 3М/22, 3М/23, 3М/24: «Қытай мен Қазақстан Республикасының генетикалық ресурстары негізінде перспективті картоп желілерін жасап шығару» халықаралық бағдарламасының ғылыми қызметкері.

2022-2024 - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ - №4-22ГФ/22, №4-22ГФ/23, №4-22ГФ/24 «Отандық және шетелдік картоп сорттары мен гибридтерінің негізгі вирустық, нематодтық ауруларға және фитофторозға төзімділігін молекулалық-генетикалық негіздеу» жобасының ғылыми қызметкері.

2023-2024 - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ - №21-23ГФ/23, №21-23ГФ/24 «Жемдік қоспаларды өндірумен картопты фитопатогендерден қорғау құралы ретінде саңырауқұлақтардың сығындылары мен жұмсалған субстраттарын тиімді пайдалану технологиясын жасау» жобасының ғылыми қызметкері. 

2024-2024 - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ – «Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының зертханашысы.

2024-2025 - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ - №13-24/ГФ24, 13-24/ГФ25 «Солтүстік Қазақстан үшін түрлі-түсті картоп түйнекті сұрыптары мен будандарын таңдау, биологиялық қорғау технологиясын құру» жобасының ғылыми қызметкері. 

2024-2025 - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ - 2024-2026 жылдарға арналған BR22887230 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер популяцияларының санын басқарудың тиімді жүйесін құру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруының №7П МСХ РК/24, 7П МСХ РК/25 «Карантиндік зиянды организмдерді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін сынақтан өткізу» жобасының ғылыми қызметкері.

2024 - қазіргі уақытқа дейін - «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерртеу университеті» КЕАҚ – «Өсімдік шаруашылығы» БББТ оқытушысы.

Марапаттары, құрмет грамоталары / Награды, почетные грамоты

- 2014 ж.: IV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу, «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығы бойынша командалық есепте 3 орын, Алматы қ.;

- 2022 ж.: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында «VI Халықаралық кітап басылымы», «Үздік жас ғалымдар-2022» жобасына қатысу. Ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі дипломмен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік жас ғалым-2022» төсбелгісімен марапатталған.

Біліктілікті көтеру

«Ауылшаруашылығының фитосанитарлық қауiпсiздiгi», «Центр образовательных технологий «Expert Seven Start» ЖШС, Астана  қ., 2024 ж.

Басылымдары

- 8 мақаланың, фитосанитариялық тәуекелдің 2 талдауының, карантиндік зиянды организмдерді сәйкестендіру бойынша 2 әдістемелік нұсқаулықтың, 1 каталогтың, картоптың 1 сортының авторы, соның ішінде:

1. Әжімахан М.Ә., Сүлейман М.А., Хасанов В.Т., Дулат Б., Даирбекова З.К. Қоңыр-мәрмәр қандаласы (Halyomorpha halys Stal.) - Қазақстан аумағы үшін қауіпті жаңа карантиндік объект//Сәкен  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  зерттеу  университетінің  Ғылым  жаршысы: пәнаралық. – 2025. - №. 4 (128). - Б. 4-15.

2. Сүлейман М.А., Хасанов В.Т., Вологин С.Г. Картоп түйнектері вироидының ПТР диагностикасына арналған хаттаманы оңтайландыру (Рotato spindle tuber viroid, PSTVd)// Сәкен  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  зерттеу  университетінің  Ғылым  жаршысы: пәнаралық. – 2025. – №. 3 (127). – Б.126-137.

3. Сүлейман М.А., Хасанов В.Т., Вологин С.Г. Қазақстан Республикасының аумағы үшін картоп түйнектерінің ұршық тәрізділігі вироидының (Potato spindle tuber viroid, PSTVd) фитосанитариялық тәуекелге экспресс-талдау// Сәкен  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  зерттеу  университетінің  Ғылым  жаршысы: пәнаралық. – 2023. – №. 3 (118). – Б. 114-123.

4. Селекциялық жетістікке арналған №1129 Патент, Рэд Роуз картоп, HU Baigeng, Хасанов В.Т., Сидорик А.И., Бейсембина Б., Әжімахан М.Ә., Бабаханов С.К., Таскулова А.М., Сүлейман М.А., Маханова М.М. - Қазақстан Республикасы / өтініш беруші және патент иегері. «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ» КЕАҚ (KZ); «Leling Xisen Potato Industry Group Company Limited» (CN). - өтінім №2021/059. 4; өтініш. 24.12.2021, жарияланған. 05.04.2024, Бюл. №14.

5. Бейсембина Б., Хасанов В. Т., Вологин С. Г., Сүлейман М. А., Канапина М. М., Әжімахан М. Ә., Ахметжанов М.Т. Вирустарға, фитофторозға және нематодтарға төзімділік гендерінің ДНҚ маркерлері бар картоптың отандық және шетелдік жоғары өнімді сорттары мен перспективалы селекциялық үлгілерінің каталогы. - Астана, 2024. – 40б.