Басты бет / Жаңалықтар / Ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған семинар аяқталды
Ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған семинар аяқталды

Просмотров: 347

2026 жылғы 24 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлеріне арналған «Ауыл шаруашылығының дамуындағы заманауи үрдістер және агроөнеркәсіптік кешенді басқару модельдері» тақырыбындағы бес күндік салалық семинар өз мәресіне жетті.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.

Семинар агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелерін қамтитын нақты бағыттылығымен ерекшеленді. Бағдарлама мемлекеттік қызметшілердің практикалық қажеттіліктеріне бейімделіп әзірленді.

Оқу үдерісі Академия мен Университеттің базасында, сондай-ақ зертханалық алаңдарда практикалық форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға теориялық білімді тәжірибеде қолдану мүмкіндігі берілді.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Сағатұлы Жолманов және Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Қанат Маратұлы Тіреуов қатысушыларға сәттілік тілеп, оқу бағдарламасының табысты аяқталуымен құттықтады.