Просмотров: 359
2026 жылғы 24 сәуірде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институтының 35 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Ә. Бөкейхан және Алаш мұрасы» атты Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.
Іс-шараны Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың Қазақстан тарихына, оның ішінде Алаш қозғалысы қайраткерлерінің мұрасына деген қызығушылығын арттыру, тарихи сананы қалыптастыру және дарынды оқушыларды анықтау. Сонымен қатар олимпиада институттың көпжылдық ғылыми-білім беру тәжірибесін насихаттауға және ұлттық тарихты оқытудағы сабақтастықты нығайтуға бағытталды.
Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық өтінім түсіп, қатысушылар іріктеу кезеңінен кейін қорытынды кезеңге жолдама алды. Білім сайысына Астана қаласымен қатар, Семей, Алматы, Қарағанды, Көкшетау және Орал қалаларынан келген оқушылар қатысып, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті.
Бағдарламаға сәйкес олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде берілген тақырыптар аясында эссе жазып, тарихи талдау жасау дағдыларын дәлелдеді. Сонымен қатар олимпиада аясында ғылыми жетекшілерге арналған «Алаш тағылымы: Алаш тақырыбының өзектілігі мен оқыту мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы үшін тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.
Олимпиаданың ашылу салтанатында Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кульжанова Жұлдызай құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара соңында қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылып, олимпиада қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, ал ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған олимпиада жас буынның тарихи білімін тереңдетуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналды. Мұндай зияткерлік іс-шаралар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тарихты терең меңгерген саналы ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.