Басты бет / Жаңалықтар / ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ

Просмотров: 546

2026 жылдың 10–13 наурыз аралығында Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институты Шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдер әлемі: Интеллект. Инновация. Интеграция» атты Тілдер апталығы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің көптілді құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту, сыни ойлау мен тиімді коммуникация арқылы олардың зияткерлік әлеуетін арттыру, тілдерді оқыту үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын интеграциялау, мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту, сондай-ақ студенттердің кәсіби даярлығында шетел тілдерінің рөлін күшейту.

Тілдер апталығы аясында түрлі пәндік олимпиада, зияткерлік ойындар, зерттеу презентациялары, воркшоптар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, оқыту семинарлары, онлайн вебинарлар ұйымдастырылады.

Барлық студенттер мен оқытушыларды белсенді қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушы:
Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институты
Шет тілдері кафедрасы