Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ-да Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
ҚАТЗУ-да Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Просмотров: 309

2026 жылғы 24 сәуірде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Достықты, татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қоғамдық келісім» РММ, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ және ҚАТЗУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама аясында салтанатты концерт және Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің шығармашылық қойылымдары ұсынылды. Іс-шараға «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Астана қалалық филиалы, «Астана Ғунчалари» хореографиялық ансамблі, «Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ, «Ван» армян этномәдени орталығы, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының Астана қаласындағы өкілдері, сондай-ақ «Хазар» Астана әзербайжандарының этномәдени бірлестігі қатысты.

Мерекелік шара барысында 1 курс студенттері арасында өткізілген «Бейбітшілік пен келісім студенттер көзімен» атты фотобайқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқау 2026 жылғы 13–17 сәуір аралығында ҚАТЗУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.

Фотобайқау «Менің Отаным», «Менің өлкем / Қоршаған әлем», «Студенттік өмір», «Жануарлар мен өсімдіктер әлемі» және «Портрет» номинациялары бойынша ұйымдастырылды.

«Менің өлкем / Қоршаған әлем» номинациясы бойынша I орынды Энергетика институтының студенті Мади Канафин иеленді. II орын Энергетика институтының студенті Зарина Назарға және Инжиниринг және тағам өндірісі технологиялары институтының студенті Жан Шаировқа берілді. III орынға Энергетика институтының студенттері Қалымтай Тамерлан мен Әділжан Берғали, сондай-ақ Инжиниринг және тағам өндірісі технологиялары институтының студенті Мансур Мұрат ие болды.

«Жануарлар мен өсімдіктер әлемі» номинациясында I орынды Энергетика институтының студенті Максим Виногородский, II орынды Мал шаруашылығы және ветеринария институтының студенті Аруана Махимова иеленді.

«Студенттік өмір» номинациясы бойынша I орын Энергетика институтының студенті Григорий Шишовқа, II орын Энергетика институтының студенті Әділ Жұмашевқа берілді.

«Портрет» номинациясында I орынды Инжиниринг және тағам өндірісі технологиялары институтының студенті Алдияр Ахметов иеленді.

Сонымен қатар Инжиниринг және тағам өндірісі технологиялары институтының студенттері Шыңғыс Бегайдаров пен Алина Аппасова, сондай-ақ Энергетика институтының студенті Артур Дошаклаев алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара университет қабырғасында бірлік, достық, өзара құрмет және қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мазмұнды алаңға айналды.