Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
ҚАТЗУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті

Просмотров: 495

2025 жылдың 4 желтоқсаны күні Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институты, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Мереке қарсаңында  ұйымдастырылған «Қазақстан-дәстүрлер мекені» атты студенттік видео конкурстың қорытындысы жарияланды. Аталған іс-шарада институт директоры Ж.Т. Кульжанова сөз сөйлеп, мерекелік шараны ашып берді. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА «Қоғамдық келісім» РММ жанындағы өзара іс қимыл жасау басқармасының бас сарапшысы Ш.Ж. Таукибаева қатысып, «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл» атты баяндамасын жасады.

Шараға қазақ, орыс тобының студенттері қатысты. Видео конкурс нәтижесінде «Алғыс хат» (20 студентке), «Белсенді студент» (3 студентке), «Креативті жұмыс» (3 студентке) номинациясы бойынша студенттер марапатталды.

       3 орын

       -Максакова Полина, Бакибаева Эльнара, Сайранбекова Самира 25-09 Табиғ. пайдалану;

       -Вереемчук Лилия 25-11 Вет.қауіпсіздік;

       -Чистикина Полина 25-09 Табиғ. пайдалану;

       2 орын

       Махимова Аруана 25-27 ТППЖ

        Чернявская Карина, Тұрғын Маржан 25-09 Табиғ.пайдалану

       1 орын

        Тихомирова Алина  25-11 Вет. Мед иеленді.

       Шараны ұйымдастырған «Қазақстан тарихы» кафедрасының ҚХА жауапты оқытушылары: Г. Жұман, Г. Моминова.