Просмотров: 618
2026 жылғы 11 маусымда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің аграрлық ғылымды дамытуға арналған көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Еркебұлан Мәмбетовпен бірге бір топ Мәжіліс депутаттары, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Ғылым қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ университет басшылығы мен ғалымдары қатысты.
ҚАТЗУ Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Тіреуов көшпелі отырысқа қатысушыларды құттықтап, университет қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Ректор Қанат Маратұлы – ҚАТЗУ еліміздегі жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен үшін сұранысқа ие кадрлар даярлауға, қолданбалы ғылымды дамытуға, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға және мемлекеттік органдармен, ғылыми ұйымдармен, өндірістік сектормен өзара байланысты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Отырыс аясында агроазық-түлік аналитикасы және консалтинг-технологиялар оқу-ғылыми орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа орталық агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аналитикалық, ғылыми-білім беру және консультациялық жұмыстарды дамытуға бағытталған.
Мәжіліс депутаттары мен шақырылған қонақтарға университеттің ғылыми жетістіктері мен ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері ұсынылған көрме таныстырылды. Қатысушылар ҚАТЗУ ғалымдарының жаңалықтарымен танысып, Агротехнопарк зертханаларын аралап, ғылыми жобаларды аграрлық салаға практикалық тұрғыда енгізу перспективаларын талқылады.
Презентациялық бөлім барысында ҚАТЗУ Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор, ҚР ҰҒА академигі Сарсенбай Абдрахманов «Университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде университеттің ғылыми және инновациялық жұмысының негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобалары, зертханалық базаны дамыту және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ университеттің ғылыми жобалары таныстырылды. ҚАТЗУ PhD, аға оқытушысы, «НПП NutriTech» ЖШС бас директоры Жұлдыз Сатаева ультрадыбыстық экстракция әдісі арқылы микронутриенттермен байытылған өсімдік майларын қалдықсыз өндіру жобасын ұсынды. ҚАТЗУ профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Гүлмира Жакупова қой сүтін өндіру және өңдеу технологиясы бойынша дайындалған жобаны таныстырды.
Жиын соңында қатысушылар аграрлық ғылымды дамыту, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, сондай-ақ университет ғылымы, өндіріс және агроөнеркәсіптік кешен қажеттіліктері арасындағы байланысты күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.