Просмотров: 280
28 сәуірде «Қазақстан атом электр станциялары» жобасы аясында Энергетика институтының студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараға «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясының Кадрларды даярлау орталығының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, кездесуге орталық басшысы Малика Оспанова, бас менеджер Алмагүл Нуртаева және менеджер Гүлнұр Искакова қатысты.
Кездесу барысында студенттерге атом энергетикасы саласының даму перспективалары, компания қызметі, кадрларды даярлау жүйесі және жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар студенттерге Қытай Халық Республикасының жетекші 13 университетінде, оның ішінде Tsinghua University базасында жүзеге асырылатын ядролық технологиялар саласындағы халықаралық стипендиялық бағдарлама таныстырылды.
Бағдарлама атом энергетикасы саласында жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Оның негізгі шарттары бойынша магистратурада оқу мерзімі 2–3 жылды, докторантурада 4 жылды құрайды. Оқу ядролық инженерия мамандығы бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағдарлама аясында оқу ақысы толық төленіп, жатақхана және ай сайын шамамен 3000 юань көлемінде стипендия қарастырылған. Сондай-ақ студенттер Қытайдағы атом электр станциялары мен ғылыми орталықтарда өндірістік практикадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халықаралық білім алу, тағылымдамадан өту және болашақ мансаптық мүмкіндіктер жөнінде толық ақпарат алды.
Ұйымдастырушылар аталған бағдарламаның энергетика және сабақтас мамандықтарда білім алып жатқан студенттер үшін маңызды мүмкіндік екенін атап өтіп, қажет болған жағдайда қосымша таныстырылым өткізуге дайын екендіктерін білдірді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.