Просмотров: 393
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – сұлулық пен мейірімнің, ізгілік пен парасаттың мерекесі. Көктеммен бірге келетін осы шуақты күн әйел затына деген айрықша құрметтің айқын көрінісі.
Халқымыз ежелден ананы ардақтап, қызын қадірлеген. «Ана» ұғымын тіршіліктің бастауы, отбасының ұйытқысы деп таныған. Тарихымызда ел тағдырына ықпал етіп, ұлт руханияты мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан талай ардақты жандардың есімі алтын әріппен жазылған.
Бүгінде осы асыл қасиеттер білім мен ғылым саласында да айқын көрініс табуда. Университетіміздің дамуы мен жетістіктерінде әйелдер қауымының үлесі зор.
Қазір оқу орнымызда 17 мыңға жуық студент білім алуда. Оларға сапалы білім беріп, кәсіби бағдар ұсынып отырған 2 мыңға жуық профессор-оқытушы мен қызметкер еңбек етеді. Ұжымның 70 пайызға жуығын әйелдер құрайды. Бұл – зор сенім мен жоғары жауапкершіліктің көрсеткіші.
Білім беру үдерісін ұйымдастырумен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық жобаларға қатысу, жас мамандар мен жас ғалымдардың қалыптасуына қолдау көрсету бағытындағы еңбектер университетіміздің беделін нығайта түсуде.
Қызметте – білікті маман, ұжымда – сенімді әріптес, отбасында – тірек бола білетін әйелдер қауымының жан-жақты еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Қадірлі арулар!
Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Алдағы уақытта да университетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосасыздар деп сенемін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен: Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қанат Маратұлы Тіреуов
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.