Просмотров: 1589
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында 2021 жылғы 18 қарашада «Интенсивті егіншілік және абиотикалық кернеулерге төзімділік үшін ауылшаруашылық өсімдіктерінің селекциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығының 65 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Конференцияға салалық министрліктердің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен компанияларының басшылары, Ресей мен Германиядан, отандық және шетелдік ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Конференция бағдарламасына ауыл шаруашылығының ішінде өсімдік шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығының өзекті мәселелері бойынша да 70-тен астам баяндамалар енгізіліп отыр. Жиынға келген ғалымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, агроөнеркәсіптік кешенге цифрлық технологиялар элементтерін енгізу, жаңа перспективалы сорттарды жасау және су эрозиясына қарсы күрес мәселелері бойынша зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі деп күтілуде.
Пленарлық отырыс барысында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО -ның қалыптасуы мен дамуына лайықты үлес қосқан конференцияға қатысушыларды мерейтойлық медальдармен марапаттау көзделген.
Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін конференцияның секциялық бөлімінде ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, селекциялық және тұқым шаруашылығының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары туралы баяндамалар тыңдалады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.