Басты бет / Жаңалықтар / С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-де Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті студенттерінің тағылымдамасы өтуде
С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-де Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті студенттерінің тағылымдамасы өтуде

Просмотров: 571

Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті (БМИРУ) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында 2025 жылғы 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында БМИРУ студенттері ҚАТЗУ-дың «Бизнес және цифрлық технологиялар» институтына қарасты «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы базасында тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама барысында БМИРУ студенттері жасанды интеллект зертханасының меңгерушісі Д.Р. Елубаевтың «Агротехника саласындағы геопространстволық Big Data өңдеу пайплайны: деректер архитектурасы, препроцессинг, растрлық математика, агрегация, қолданбалы құндылығы» тақырыбындағы дәрісті тыңдады.

Сонымен қатар «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы БМИРУ студенттері үшін түрлі тақырыптар бойынша мастер-класстар мен тәжірибелік сабақтар өткізді. Тағылымдама аясында «DevOps-инжениринг» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері өздерінің AI-жобасы — «QarjyEsep» жұмысын таныстырды. Ал БМИРУ студенттері өз университетін таныстырып, біздің студенттерге өздерінің ғылыми жобалары, студенттік өмірі және жетістіктері туралы ақпарат берді.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ ғылым мен білімнің интеграциясын дамыту арқылы студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайта бермек.