Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетінің офицерлері адал қызмет етуге ант берді
Сейфуллин университетінің офицерлері адал қызмет етуге ант берді

Просмотров: 2109

2024 жылғы 9 шілдесінде С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ әскери  кафедрасында оқитын курсанттар әскери ант қабылдады.

Салтанатты іс-шараға университет басшылығы, ҚР Қорғаныс Министрлігінің өкілі, әскери кафедраның басшылығы, оқытушылары мен курсанттар және олардың жақын туысқандары қатысты.

Әскери ант қабылдаған офицерлердің жалпы саны 195 адамды құрады.

Қазақстан Республикасының «Жалпыға ортақ әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес, Қазақстан Республикасың Қарулы күштері әскер қатарына шақырылған азаматтармен толықтырылып отырады. Қазақстан Республикасының заңнамаларына ортақ, әрбір жас офицер әскери қызмет қатарына қадам баса отырып, Отанына, халқына, мемлекетіміздің ата заңы бойынша сайланған Қазақстан Республикасының Президентіне және  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатал түрде сақтай отырып, адал қызмет етуге әскери ант қабылдайды.

Әскери ант қабылдаған офицер Отанын қорғай білетін ҚР Қарулы Күштерінің толыққанды сарбазы болуы тиіс.

 

Анықтама: С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ астананың офицерлік кадрларды дайындайтын ертеден келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі.

Сол уақыт аралығында әскери кафедра он мыңнан астам мамандандырылған запастағы офицерлерді дайындады, олардың үштен біріне жуығы ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды.

Көптеген офицерлер Қорғаныс Министрлігінің орталық аппаратында, Қарулы Күштер қатарында, ҰҚК Шекара қызметінде және еліміздің басқа әскерлері мен әскери құрылымдарда абыроймен қызмет атқаруда.