Просмотров: 2479
Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ профессор-оқытушылар мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі М.С.Башимовпен кездесуі өтті.
Отырысты ашқан С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Ректоры міндетін атқарушы, Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор С.К. Омаров С.Сейфуллин атындағы университеттің ғылыми және білім беру қызметінің басым бағыттары мен нәтижелері, одан әрі даму перспективалары туралы ақпарат берді.
Депуттаттық корпус өкілі өз сөзінде Парламент депуттатарының осы жылы жасаған жұмыстары мен өзі мүшесі болып табылатын заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің атқарған істері туралы баяндай келе, ұлтаралық келісім мен халық бірлігін сақтаудың, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастырудың, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың, ел кәсіпорындарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Марат Советұлы Башимовтың сөзі жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Өз кезегінде отырысқа қатысушылар депутатқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Кездесуге қатысушылардың жалпы пікірі бойынша кәсіби қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және жалпы мемлекеттік құқықтық институттарын нығайтуға қызмет ететін мазмұнды әрі сындарлы жүздесу болды.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты М.С. Башимов 1991 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ тәмамдаған.
1991-1994 жылдар аралығында М.В. Ломоносов ММУ аспирантурасын бітіріп, диссертациясын, 2008 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
1995-1998 жылдар аралығында ММУ аға оқытушы. Осы жылдары Ресей ҒА Мемлекет және құқық институтының секторында аға ғылыми қызметкер.
1999-2001 жылдарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі;
2002-2006 жылдар аралығында ҚР Парламент Сенатының Аппарат Комитеті Хатшылығының меңгерушісі,
Астана қаласы «Әділет» Жоғары құқық мектебі, заңгерлер академиясының доценті,
ҚР БҒМ әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі,
Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры,
«Адам және Заң» Республикалық газетінің бас редакторы;
2010-2011 жылдарда Қаржы полициясы Академиясының бастығы;
2000 жылдан Еуропалық құқық академиясының (Будапешт), Ресей Халықаралық құқық қауымдастығының мүшесі (Мәскеу қ.).
2021 жылдан Республикалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2022 жылдан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы,
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі,
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік комиссиясының мүшесі.
«Құрмет» Орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
М.С.Башимов 150 астам ғылыми мақалалардың авторы.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.