Просмотров: 1630
2025 жылы қыркүйек айының 12 күні университетіміздің студенттерімен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасы басшысының орынбасары М.М. Рахымжановтың, осы департаменттің талдамалық әзірлемелер басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Н. Аязовтың және университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушевтің, аппарат жетекшісі Ж.М. Жазыкбаеваның қатысуымен «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз Қазақстан үшін!» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге университеттің институттарының директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, 200-ге жуық студенттер қатысты.
Кездесу барысында бейнебаян көрсетіліп, заңсыз қаржылық іс-әрекеттер – дроптар, қаржылық пирамида жайында және олардың жауапкершілігі туралы түсіндіріліп, сөйлеушілер студенттерді сақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, шара барысында лудоманияның алдын алу, жастар арасында құмар ойындарға деген теріс көзқарасты қалыптастыру және олардың қаржылық, әлеуметтік әрі психологиялық зардаптары туралы хабардарлықты арттыру мәселелері де қамтылды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.