Просмотров: 1964
2025 жылғы 5 қыркүйекте «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуовтің бастамасымен қазақтан шыққан ақын, ағартушы ғалым, түркітанушы, публицист, аудармашы және Алаш зиялыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 153 жыл толуына байланысты және 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар институтындағы қазақ және орыс тілдері кафедрасының заманауи цифрлық оқу-әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы дәрісханасы ашылды.
Заманауи цифрлық дәрісхананың мақсаты – оқу үдерісінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалана отырып, студенттердің оқу мәдениетін дамыту, цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру. Осыған орай, қазіргі заманға сай цифрлық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын көрсету және оларды білім беру үдерісінде практикалық тұрғыдан қолдана алу тәсілдерін дамыту мақсатында, ғалымдардың ғылыми еңбектері мен оқу құралдарын QR код арқылы енгізу жүзеге асырылуда.
Аталған іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Ринат Рифхатұлы Заитов арнайы шақырылып, маңызды мәселелерді қозғады. Сонымен қатар университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері де де қатысты. Сондай-ақ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Жүргенов Ж.С. және ветеринария ғылымдарының докторы , профессор Булашев А.Қ. сөз сөйледі.
Гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Т.Кульжанова және қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Ш.Тлеулесова бұл дәрісхананың ерекшелігіне тоқталып, мұндағы әрбір әдебиеттің жеке QR-коды бар екенін айтты. Егер оған телефон камерасын жақындатсаңыз, бірден сол кітаптың электронды нұсқасы ашылады. Сабақ барысында сол әдебиеттің мазмұнымен танысып, тіпті тапсырмаларды сабақ үстінде студенттерге орындатуға болады. Бұл өте ыңғайлы әрі заманауи!
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.