Басты бет / Жаңалықтар / Cейфуллин университетінде жетекші халықаралық сәулетшілер семинар өткізді
Cейфуллин университетінде жетекші халықаралық сәулетшілер семинар өткізді

Просмотров: 1823

Сейфуллин университетінде «Сәулет, қала құрылысы және урбанистиканың заманауи трендтері» тақырыбында семинар өтті. 

Іс-шараның ұйымдастырушылары – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Brit Academy білім беру орталығы.

Кездесудің басты мақсаты – Астана қаласын заманауи, жасыл және тұрақты "Эко-қалаға" айналдыру және өзара білім алмасу болып табылады.

Семинарға Ресейден Филипп Никандров (Санкт-Петербург қаласы) және Англиядан Чарльз Фу (Лондон қаласы) сияқты танымал сәулетшілер, сондай-ақ университет әкімшілігі, "Астанагенплан"" ҒЗЖИ ЖШС қызметкерлері және басқалар қатысты.

Семинарда танымал әлемдік және отандық сәулетшілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұнараларға, зәулім ғимараттар мен үйлерге арналған әртүрлі дизайн мен архитектуралық шешімдерді аудитория назарына ұсынды.

Өз кезегінде жиналған қауым спикерлерге өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Сұрақ қою барысында олардың бұл салаға ерекше қызығушылығы бар екендігі байқалды.